Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / «Damumed» Денсаулық сақтау министрлігіне берілді

«Damumed» Денсаулық сақтау министрлігіне берілді

Медицина 18.05.2023, 03:30 1,757
«Damumed» Денсаулық сақтау министрлігіне берілді
Сурет: Ашық дереккөз

Бүгінде нарықтың 80%-дан астамын «Даму» АТО» ЖШС-іне тиесілі «Damumed» жүйесі қамтиды


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, БҚДА, ҚМА және тағы басқа ведомство басшыларының қатысуымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Комиссия тапсырмасын орындау мақсатында «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-нің 50% үлесін мемлекет меншігіне, яғни Атырау мұнай өңдеу зауытына беру аяқталғаны атап өтілді. Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының тиісті шешімі заңды күшіне енді.


Премьер-Министр кәсіпорынның қалыпты режимде жұмысын қамтамасыз етуді және сот шешімнен туындайтын барлық қажетті рәсімдерді орындау бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.


Бұдан бөлек, денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық қызметтерді көрсету нарығында бәсекелестікті дамыту шаралары қарастырылды. Бүгінде нарықтың 80%-дан астамын «Даму» АТО» ЖШС-іне тиесілі «Damumed» жүйесі қамтиды. Республикалық деңгейде медициналық ақпараттық жүйелер арасында деректер алмасудың толыққанды тетігінің болмауы нарықта бәсекелестікке жатпайтын жағдайлар туғызып, салдарынан қазақстандық медициналық ұйымдар бір медициналық ақпараттық жүйеден басқасына ауысқанда қиындықтарға кезігіп отыр.


Осыған байланысты «Даму» АТО» ЖШС-і Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның биылғы жылдың 27 сәуіріндегі тапсырмасын орындау аясында «Е-Денсаулық» жүйесі базасында бірыңғай республикалық медициналық деректер қорын құру және медициналық ұйымдар арасында ақпарат алмасу үшін «Damumed» деректер қорын Денсаулық сақтау министрлігіне берді. Бұл үшінші тараптағы қызмет ұсынушылардың медициналық ұйымдарға бәсекелестік негізде тиісті қызметтер көрсетуіне мүмкіндік береді.


Әлихан Смайылов «Е-Денсаулық» жүйесін құру бойынша жұмысты жеделдету және осы саладағы реттеудің тиімділігін арттыру үшін заңнамалық түзетулер дайындау қажеттігін атап өтті.


Кеңеске қатысушылар отын-энергетика кешеніндегі монополияға қарсы шараларды жүзеге асыру барысын да талқылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Damumed #министрлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Махаббат - мәңгі ертегі": әуен мен сезім үндескен кеш

Кеше 22:32

Оқытудың жаңа стандарттары: Алматының бес мектебі халықаралық IB бакалавриатын енгізіп жатыр

Кеше 21:43

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Кеше 18:47

Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана сүрілді

Кеше 17:55

Тұтынушылық кредит алушылар азайған

Кеше 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика