Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / COVID-19 таралуына байланысты Қытайдың оңтүстік-б...

COVID-19 таралуына байланысты Қытайдың оңтүстік-батысындағы қала жабылды

Әлем 08.07.2021, 10:55 1,810
COVID-19  таралуына байланысты Қытайдың оңтүстік-батысындағы қала жабылды
Сурет: Vnexpress.net

Шан Лабянь қаласының әкімі қалаға кіруге де, шығуға да болмайтынын айтты.


Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясы билігінің шешімімен бейсенбіден бастап Мьянма шекарасындағы Жуйли қаласынан шығатын және кіретін барлық пункттер жабылды, деп хабарлады Almaty-akhamy.kz Interfax.ru сайтына сілтеме жасап.


Шан Лабянь қаласының жетекшісі Жуйлиге кіру және шығу үшін барлық сегіз пункт толығымен жабылғанын және үйден оқшаулау режимі енгізілгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, қалада вирустың мутацияланған штамы таралып жатыр және оның таралуы жоғары қарқынмен жүріп жатыр.


Шенеуніктің айтуынша, «күллі елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және инфекцияның таралуын болдырмау үшін Жуйли қатаң әрі ғылыми тұрғыдан негіздеген бағдарламаны» енгізіп отыр.  


Бұдан бұрын хабарлағандай, Жуйлидегі коронавирустық инфекцияның ішкі жағдайларының тез өсуіне байланысты, билік қазірдің өзінде қатаң карантиндік шараларды енгізген болатын. Сол себептен сәрсенбіден бастап аурухана, дәріхана және азық-түлік дүкендері сияқты маңызды дүкендерден өзге барлық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер жабылған.


Бейсенбіден бастап қала толығымен жабылғанға дейін, Жуйлиден  мәжбүрлі сапарларға тыйым салынды. Төтенше жағдайда қаладан кету үшін коронавирустың теріс сынағын ұсынып, сапарды дәлелдеу қажет.


Вирустың жаңа таралуы кезінде жұқтырғандардың көпшілігі Мьянма азаматтары болып шықты. Жуйли  трансшекаралық сауда-саттықпен белсенді айналысады. Осыған байланысты билік шекарада бақылауды күшейту туралы шешім қабылдады.


Сәрсенбіде провинцияның денсаулық сақтау комитеті сейсенбіде қалада жаңа 15 жағдай анықталғанын хабарлады, оның алдыңғы екі күнінде алты жағдайдан анықталып отырған болатын.


Мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің мәліметтері бойынша, карантиндік шаралар өз нәтижесін бере бастады: сәрсенбіде Жуйлиде инфекцияның тек екі ішкі жағдайы анықталған.


Бұған дейін Жуйлидегі ішкі инфекциялардың жоғары қарқынмен таратуы наурыз айында болған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#COVID-19 #Кытай #Жуйли
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының JOLDA театры Германиядағы халықаралық фестивальге қатысты

Бүгін 17:27

Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстаннан кімдер бақ сынайды?

Бүгін 17:14

БҚО-да оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады

Бүгін 16:54

Ұлттық өнердің ұлағатты жолын жалғаған жыршы

Бүгін 16:34

Марал Анарбекқызы: арманнан туған өнер

Бүгін 16:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика