Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / COVID-19: әлемдік ахуал қандай?

COVID-19: әлемдік ахуал қандай?

Әлем 30.07.2021, 19:37 1,481
COVID-19: әлемдік ахуал қандай?
Сурет: 24.kz

Коронавирус инфекциясының дүние жүзіне таралып, әлемдік экономикаға кесірін тигізіп отырғанын әлемдік БАҚ жарыса жазып жатыр.


 Дәл қазір вирустың таралуы мен вакцина алу қарқыны жөніндегі әлемдік ақпарат та күн сайын жаңарып отыр, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz


 COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналы әлемдегі эпидахуалға шолу жасайды.


 Ресейдің мәдени астанасында экономиканың көптеген салаларында міндетті вакциналау енгізілді. Қызметкерлер мен тұтынушылар арасындағы байланыс қарқындылығы жоғары салаларда еңбек ететін жеке тұлғалардың кемінде 80%-на міндетті вакцинация талабы енгізілді.


 Тәулігіне 10,7 мың адам - Жапония COVID-19 вирусының таралуы бойынша жаңа антирекорд орнатты. Бұл - бүкіл пандемия кезеңіндегі ең жоғары көрсеткіш. Токиода 3,3 мың жағдай тіркелді. Жапония астанасы вирус  жұқтырғандар саны бойынша рекорд жаңартты, елдің бас шаһарында бір күн бұрын 2 848 жағдай тіркелген болатын.


 Еуроодақ шекарасынан өту үшін ПТР тест қажет. Мұндай талап Германияға келген жолаушыларға қойылып отыр. 1 тамыздан бастап Германияға кез келген көлік түрімен келген саяхатшылардың көпшілігі COVID-19 бойынша теріс нәтижелі тест қорытындысын ұсынуы керек.


 АҚШ-та вакцинация сыйақысы беріліп, екпе алудан бас тартқандарға қатысты шараларды қатаңдату қолға алынды. Атап айтқанда, вакцина алмаған мемлекеттік қызметшілер үшін шектеулер енгізіледі. Ақ үй елде вакциналауды жеделдетудің жаңа шараларын жариялады. Алғашқы екпе алғандарға $ 100 доллар төленеді, ал екпе алмаған мемлекеттік қызметшілер бетперде тағуға міндеттеледі.


 Өзбекстан өз азаматтарын COVID-19-ға қарсы Moderna өндірген вакцинамен қамтамасыз етеді. Бүгін таңертең АҚШ-тан арнайы рейспен Ташкентке жаңа типтегі коронавирусқа қарсы вакцинаның 3 миллионнан астам дозасы жеткізілді. АҚШ препаратты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ДДҰ/COVAX бағдарламасы аясында жөнелтті. Өзбекстанда 1,15 миллион адам вакцинацияның толық курсынан өтті.


 Украина COVID-19 «дельта» штамына қарсы тұру үшін шекарадан өту ережелерін қатаңдатты. Соңғы екі аптада Ресейде немесе Үндістанда болған вакцина алмаған жолаушылар 14 күндік карантинге оқшауланады. Қазіргі уақытта Украинада 2 250 907 тұрғын вирус жұқтырған, 52 916 адам қайтыс болды. Ақпан айынан бастап елде 5 225 458 тұрғынға екпе салынды, 1 874 958  адам екі дозамен вакциналанды.


 


 


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлем #эпидахуал #ковид #вакцина #вак
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика