Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / COVID-19: әлем жаңалықтары

COVID-19: әлем жаңалықтары

Әлем 11.01.2022, 04:51 1,106
COVID-19: әлем жаңалықтары
Сурет: Inbusiness.kz

Дүние жүзіндегі эпидахуал қандай?


Австралия 5-11 жастағы балаларды Covid-19-ға қарсы Pfizer препаратымен вакцинациялай бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың телеграм каналына сілтеме жасап.


Токио шетелдіктерге жаңа кіру визаларын беруге тыйым салуды ұзартады. Билік ақпан айының соңына дейін ұзарту мүмкіндігін қарастыруда. Енді елге тек жапон азаматтары, аккредиттелген дипломаттар және ұзақ немесе тұрақты тұруға рұқсаты бар шетелдіктер кіре алады.


Австралия 5-11 жастағы балаларды Covid-19-ға қарсы Pfizer препаратымен вакцинациялай бастады. Жаңа оқу жылы алдында вакцинаның 3 млн дозасы таратылады. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы балаларды сегіз апта аралығымен енгізілетін екі дозамен иммундайтынын атап өтті. Қазіргі уақытта Австралияның ересек тұрғындарының 92%-дан астамы толығымен егілді.


Швецияда COVID-19 аурушаңдық көрсеткішінің өсуіне байланысты жаңа шектеулер енгізілуде. Билік елде инфекцияның таралуы «тарихи жоғары деңгейде» деп мәлімдеді. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары 23:00-ден кешіктірмей жабылады. Университеттерге қашықтықтан оқыту режимі ұсынылады. Барлық жаппай жиналыстарда вакцинация сертификаты қажет етіледі.


Ресейде коронавирус инфекциясына шалдығу көрсеткішінің күрт күрделенуі күтілуде. Роспотребнадзор сарапшысы Камиль Хафизов COVID-19 аурушаңдығының өсуі жаңа жылдық демалыстар мен мерекелерден кейін қарқын алады деп мәлімдеді. «Мерекелер аяқталысымен, елде жаңа «омикрон» штамының таралуына байланысты ауру деңгейінің өсуі мүмкін», - деді эпидемиология орталығының ғылыми тобының жетекшісі Хафизов. Ғалымның бұл пікірі SARS-CoV-2 геномындағы өзгерістерге және ауырып жазылған, сондай-ақ егілген адамдарда қалыптасқан қорғаныш антиденелеріне төзімділігін дәлелдейтін зерттеулерге негізделген. Мұны ДДҰ Бас директоры Тедрос Гебрейюс растады.


Коронавирустық індет АҚШ-та жаңа рекордтық көрсеткіштерге жетті. Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, инфекцияның анықталған жағдайларының саны 60 миллионнан асты. 10 қаңтардағы деректер бойынша, АҚШ-та 60 062 077 адам вирус жұқтырды, оның ішінде 837 504 азамат қайтыс болды. Қаңтар айының басында экипаж мүшелері арасында COVID-19 індетіне шалдығу жағдайларының басталуына байланысты елде рейстерді жаппай тоқтата бастады. Жолаушылар әуежайларда бірнеше сағат күтуге мәжбүр. Американдық ауруханалардың реанимация бөлімшелерінің жүктемесі 78%-дан асты, олардың 22%-ы COVID-19 пациенттеріне тиесілі.


 


 


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ковид #Әлем #Омикрон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Блогер Қайсар Хамза Вьетнамда ұсталды

Бүгін 21:11

Қарағанды мемлекеттік қызметшілері «Кітап оқитын ұлт» жобасында жоғары кітап оқу мәдениетін көрсетті

Бүгін 21:02

Алматыда ірі аяқталмаған құрылыс нысаны сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 18:01

Америкалық авто-саяхатшы әрі блогер Connor Қазақстанға тәнті болды

Бүгін 17:29

Алматыда Сәтбаев көшесінде жүргіншілерге арналған проекциялық жарықтандыру орнатылды

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика