Кипр республикасы балаларға 5 жастан бастап вакцинация жүргізеді.
Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың телерам каналының мәліметі бойынша, ДДҰ мамандары инфекцияның салдарынан көз жұму саны көбейеді деп болжам жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «омикрон» штамына байланысты ауруханаға жатқызу жағдайларының өсуі күтіліп отырғанын мәлімдеді. Бұл болжам SARS-CoV-2 жаңа мутациясының белсенді таралуымен байланысты. Сондай-ақ, ДДҰ мамандары инфекцияның салдарынан көз жұму санының көбеюіне болжам жасайды. Бұл ретте, халықаралық сарапшылар барлық клиникалық жағдайды түсіну үшін объективті талдамалық деректер қажет екенін атап өтті. ДДҰ алдағы апталарда «омикрон» туралы нақты әрі ауқымды ақпарат күтеді.
Коронавирусқа қарсы әлемдегі алғашқы вакцинаны жасаушылар Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми орталығы келесі жылдың қаңтарында Ресейдің «Спутник V» вакцинасын мақұлдау аясында ДДҰ делегациясының келуін күтуде. Бұл туралы Орталық басшысының орынбасары Денис Логунов мәлімдеді. «Спутник V» препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігі әлемнің көптеген елдеріндегі клиникалық сынақтармен және нақты деректермен расталғаны белгілі. «Спутник V» вакцинасын пайдалану 71 мемлекетте мақұлданды, - деп атап өтті өз кезегінде РТИҚ басшысы Кирилл Дмитриев. Джонс Хопкинс университетінің статистикасына сәйкес, пандемия басталғаннан бері АҚШ-та covid-19 расталған жағдайлардың саны 50 миллионнан асты, ауру салдарынан 797 916 науқас қайтыс болды. Инфекциялардың ең көп саны Калифорнияда - 5 169 348, Техас штатында – 4 394 772 тіркелді. Флоридада 3,75 миллионнан астам covid-19 жұқтыру дерегі расталды, Нью-Йорк штатында - 2,85 миллионнан астам, Иллинойс штатында - 1,9 миллионнан астам жағдай анықталған.
Кипр республикасы балаларға 5 жастан бастап вакцинация жүргізеді. 16 желтоқсанда 5-11 жастағы балаларды коронавирусқа қарсы иммундау науқаны басталады. «Вакцинация барлық провинциялардағы Денсаулық сақтау министрлігінің ана мен баланы қорғау орталықтарында жүргізіледі», - деді Денсаулық сақтау министрі Михалис Хадзипанделас. Сонымен қатар министр 15 желтоқсаннан бастап «омикрон» штамы немесе SARS-CoV-2 басқа да жаңа мутациясы анықталған адамдарды міндетті түрде оқшаулау енгізілгенін мәлімдеді. Сондай-ақ, санитариялық талаптар сақталмаған жағдайда жеке компаниялар ұйымдастырған Рождестволық іс-шаралар тоқтатылады. Аргентина билігі жаппай іс-шараларға бару үшін санитариялық рұқсатнама енгізеді. Covid-19-ға қарсы толық вакцинациядан өкендігі туралы растау 1 қаңтардан бастап 13 жастан асқан барлық адамдардан талап етіледі.
Таиланд ревакцинация мерзімін 6 айдан 3 айға дейін қысқартады. «Омикронның» жаңа штамымен күресте иммунитетті арттыру үшін тиісті шешім қабылданды.
Ұлыбританияда «омикрон» штамын жұқтырған алғашқы науқас қайтыс болды. Ұлыбритания Премьер-министрі «омикрон» штамынан туындаған ауру жеңіл түрде жүреді деген идеяны «біржола қоюға» және коронавирустың жаңа нұсқасының таралу жылдамдығына назар аударуға шақырды.