ffin.kz

«Coursera – қазақ тілінде» жобасының алғашқы сертификаты берілді

«Coursera – қазақ тілінде» жобасының алғашқы сертификаты берілді Сурет: Egemen.kz

«Coursera» білім беру платформасының 654 курсы қазақ тіліне аударылып жатыр. 


Бұл жобаның алғашқы нәтижелері жемісін бере бастады. Дәл қазіргі уақытта 50 курс қазақ тіліне аударылып, студенттерге ұсынылды. Жоба сертификатын алғашқылардың бірі болып павлодарлық Камила Ақанқызы алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.


Торайғыров университетінің 4-курс студенті Камила Ақанқызы «Қоршаған ортаны қорғау және адам тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша білім алады. Платформа каталогындағы курстар оны қатты қызықтырған. Бұл туралы ол: «Сан түрлі курстарды көріп, өткенше асық болдым. Бәрі де қызық. Бәрі де пайдалы. Ішінен соңғы уақытта өзімді алаңдатып жүрген мәселеге қатысты курс көргенде қуанып кеттім.  Сосын ойланбастан «XXI ғасыр жұмыс орнындағы қарым-қатынас» курсын өттім. Сөйтіп алғашқы сертификатымды да алдым», - деді. 


«Coursera» каталогында әлемнің 170 үздік университеті мен 75 жетекші компания ұсынған 10 мың курс бар. Бұл курстардың барлығы «Coursera – қазақ тілінде»  жобасының арқасында қазақ студенттеріне қолжетімді. Жобаның қазақ қоғамына жеткені тек студенттерді ғана емес, оқытушыларды да қуантты.


Қазақ қоғамын терең білімге жетелейтін жобаға Камила оқитын Торайғыров университетінің Биология және экология кафедрасының меңгерушісі Қалиева Айнагүл де өз пікірін білдірді.



«Бұл – студенттерге жаңа білім мен дағдыларды игеруге мүмкіндік беретін ауқымды білім беру платформасы. Студенттерге әлемнің жетекші университеттерінің тәжірибесін тегін меңгеруге мүмкіндік бергені үшін министрлікпен жобаны аударған адамдарға алғысымызды білдіреміз. Біздің студенттер өздері үшін көптеген пайдалы ақпараттарды алады деп ойлаймын», - деді ол.



Қазіргі уақытта жобаның сенімді серіктесі «BMG UpSkill» компаниясы қалған 604 курсты кезең-кезеңімен аударып, дайындап жатыр. Камила жобаға деген лебізін білдірді.



«Құрдастарым да Coursera-ның беріп жатқан мүмкіндігіне өте риза. Себебі курстар өте қызықты әрі пайдалы. Платформа білім алушыларға өз білімдерін жетілдіруге, тұлға ретінде дамуға көмектеседі. Сондықтан да курсқа қатысып, уақытты тиімды пайдалануға шақырамын. 4-курс болғандықтан, жұмысқа қатысты уайымым басым. Осы курстан жұмыс орныңда қиындыққа тап болған жағдайда өзіңді ұстау, коллективте жұмыс істеу, дұрыс тіл табысу, өзіңді, өзгені зерттеу сияқты ақпараттар алып, меңгердім. Бұрын бұл курс туралы мүлдем естімеппін. Дүние жүзіне құнды ілім таратып жүрген бұл платформаны біздің елге әкелген бастамашы топтарға разылығымды білдіргім келеді», - деді студент.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05