AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Чемпионның суретін көлігінің терезесіне салған

Чемпионның суретін көлігінің терезесіне салған

Әлеумет 01.08.2024, 13:20 1,021
Чемпионның суретін көлігінің терезесіне салған
Аслан Жазиковтың жеке мұрағатынан

Атыраулық суретші желі қолданушыларын таңғалдырды. 

Атырауда Sandero маркалы көліктің артқы терезесіне Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің портретін салып алған жүргізуші ел назарын аударды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Ерекше картинаның авторы 34 жастағы атыраулық Аслан Жазиков Елдос Сметовтің Олимпиададағы тарихи жеңісінен кейін шабыттанып, көлігінің әйнегіне чемпионның суретін айнытпай салған. Автордың туындысы сіріңкенің талы мен мақта таяқшасының көмегімен салынған.

"Дзюдошы Елдос Сметовтың Олимпиададағы жекпе-жегін көріп қатты қуандым. Шабыт келіп, бірден көлігімнің терезесіне портретін сала бастадым. Туындым тез әрі оңай жасалды. Осылайша қазақ спортшысына қолдау білдірдім. Қала көшелерінде сигнал беріп, жұмысымды бағалап жатқандар көп", - дейді Аслан Жазиков.

Бұл автордың алғашқы туындысы емес. Бұған дейін ол Елдос Сметовтің және басқа да спортшылардың портретін ағаштан ойып жасаған. Атыраулық жігіт кішкентай кезінен сурет салуға икемі болғанын айтады. Бірақ бағдарламашы мамандығын меңгеріп, қазіргі кезде жеке компаниялардың бірінде стратегиялық даму бөлімінде қызмет атқарады. 

"Суретті тек хобби үшін саламын. Ешқандай тапсырыс алмаймын. Ондайға қолым жүрмейді. Шабыт келген уақытта ғана сурет саламын",- дейді ол.

Аслан отбасылы, үш баланың әкесі, балалары да суретке икемі бар екенін айтады. Ал 9 жастағы қызы Дария дзюдомен айналысады, турнирлердің жеңімпазы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Аслан Жазиков #чемпион #сурет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда өткен KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам келді

Бүгін 18:52

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Бүгін 18:28

Мемлекеттік басқаруда жаңа технологиялық мәдениетті қалыптастыру және цифрлық шешімдерді ауқымдау

Бүгін 18:25

Шығармашылық индустрияны дамыту және ЖИ саласындағы кадрларды дайындау

Бүгін 18:22

Жаппай цифрландыру және ЖИ енгізу елді кешенді жаңғыртудың негізгі факторларының бірі болып табылады

Бүгін 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика