конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Чехиядан келген азамат қазақ әдебиетін оқып жүр

Чехиядан келген азамат қазақ әдебиетін оқып жүр

Өмір-өзен 17.01.2023, 11:04 1,899
Чехиядан келген азамат қазақ әдебиетін оқып жүр
Сурет: Inform.kz

Палацк университетінің магистранты Ян Брзобогаты Торайғыров университетіне білім алуға келді.


Ол Erasmus + бағдарламасы бойынша Азия елдері және қазақ әдебиетін оқып жүр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Чехиядан келген магистрант Павлодар жоғары оқу орнын өзі таңдаған. Мұнда ол «Азиатистика бойынша маманданған қытай тілі мен мәдениеті» мамандығы бойынша үш айлық оқудан өтеді. Сонымен қатар, Ян Брзобогаты ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетін зерттеу жайлы шешім қабылдады. Атап айтқанда, Сәбит Мұқанов пен Сәкен Сейфуллиннің шығармаларына қызыққан.



«Біз Еуропадан келген студенттер мен магистранттардың өз бағытында жаңа білім алу және Қазақстан мәдениетін зерттеу үшін ToU-ды таңдағанына өте қуаныштымыз. Біз әрқашан шетелдік қонақтар үшін ашықпыз және оларға оқуда да, күнделікті өмірде де көмектесуге дайынбыз. Бүгінгі таңда біздің университет шетелде танымал бола бастады. Бұл болашақта басқа елдерден келетін студенттер мен магистранттар ағыны өсетінін білдіреді», – деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.



ToU және Палацк университеті 2014 жылдан бері серіктес. Бұл ынтымақтастық профессорлардың қонақ дәрістерін және студенттердің екіжақты ғылыми тағылымдамаларын қамтиды. Жалпы, Торайғыров университеті 100-ден астам жоғары оқу орнымен серіктес.



«Айта кетсек, тек 2022 жылы бізде Нигерия, Қытай, Моңғолия, Ресей, Германия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Украина, Израиль, Грузия, Ауғанстан, Ирак, т.б. елдерден 239 шетелдік студент тұрақты негізде оқыды»,-делінген хабарламада.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Чехия #Қазақ әдебиеті #магистрант
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда бір ай ішінде экологиялық талаптарды бұзған 200-ге жуық көлік анықталды

Бүгін 11:08

Нұржан Жақыпов: «Жаңартылған конституция мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара байланысын арттырады»

Бүгін 11:03

Ғазиз Төлебек: Жаңартылған конституция туризмді дамытуға сеп болады

Бүгін 11:01

Қазақстан Халық партиясының Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдемесі

Бүгін 10:57

Алматыда «Конституция – балалар көзімен» аудандық сурет байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін 10:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);