Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Cапасыз интернетке айыппұл сомасын өсіру ұсынылды

Cапасыз интернетке айыппұл сомасын өсіру ұсынылды

Әлеумет 08.12.2022, 10:19 1,044
Cапасыз интернетке айыппұл сомасын өсіру ұсынылды
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев еліміздің Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында цифрландыру саласындағы проблемалар туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Дата орталықтар (деректер өңдеу орталығы) мен серверлер халықаралық стандартқа сәйкес емес немесе мүлде жоқ. Білім және ғылым, денсаулық, әлеуметтік, экономика салаларында кешенді қашықтан оқытудың LMS, ERP платформалары толыққанды жұмыс істемейді», - деді депутат Сенаттың жалпы отырысында.



Сенатор қалалық және ауылдық елді мекендердегі сапалы интернетке қатысты алшақтық туралы да айтты. Елімізде 100 адамның 15-і тұрақты интернетке тіркелсе, ауылдық жерлерде 100 адамның тек 8-і ғана желімен қамтамасыз етілген. Сенатор цифрландыру саласының жай-күйін одан әрі жақсарту үшін бірқатар ұсыныс айтты.



«Реттеуші тарапынан интернет сапасы бойынша талаптарды қатаңдату және айыппұл сомасын ұлғайту жөнінде қолданыстағы заңнамаларға ұсыныстар берулеріңізді сұраймыз. Ірі цифрлық хабтар салу, жоғары дәрежелі IT-кадрларды даярлау бойынша қажетті шаралар атқаруды ұсынамыз», - деді сенатор.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#интернет #Сапасыз #Айыппұл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Махаббат - мәңгі ертегі": әуен мен сезім үндескен кеш

Бүгін 22:32

Оқытудың жаңа стандарттары: Алматының бес мектебі халықаралық IB бакалавриатын енгізіп жатыр

Бүгін 21:43

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Бүгін 18:47

Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана сүрілді

Бүгін 17:55

Тұтынушылық кредит алушылар азайған

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика