AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / БҰҰ Қазақстанның бітімгерлік қызметке қосқан үлесі...

БҰҰ Қазақстанның бітімгерлік қызметке қосқан үлесін жоғары бағалайды

Саясат 27.05.2023, 06:31 1,828 Аlmaty-akshamy.kz
БҰҰ Қазақстанның бітімгерлік қызметке қосқан үлесін жоғары бағалайды

БҰҰ-ның алғашқы бітімгершілік миссиясы құрылғанына 75 жыл толды.


Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде БҰҰ-ның алғашқы бітімгершілік миссиясы құрылғанына 75 жыл толу қарсаңында ҚР Қорғаныс министрлігі, БҰҰ-ның ҚР-дағы Өкілдігі және шетелдік дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен іс-шара өтті. Бұл туралы Аlmaty-akshamy.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.


Іс-шараны ашқан ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның бітімгершілік миссиялары шеңберінде өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі БҰҰ-ның күш-жігерін қолдауы, еліміздің сыртқы саясатының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті. Дипломат қолдау көрсеткені үшін серіктестерге алғыс білдіріп, Қазақстан БҰҰ аясында бітімгершілік қызметін одан әрі арттыруға ниетті екенін мәлімдеді.



БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори Қазақстанның БҰҰ қызметіне белсенді қатысуын жоғары бағалай отырып, Астана тығыз ынтымақтастық жылдарында бітімгершілік жолында өзінің тиімдігін дәлелдегенін және қазақстандық әскери қызметкерлердің жоғары кәсібилігін көрсеткенін жоғары атап өтті. Ол осындай миссияларда жеке тәжірибесі бола отырып, Алматыда жұмыс істейтін «Казцент» бітімгершілік оқу-жаттығу орталығы аясында бітімгершілік әлеуетті арттыру үшін елімізде жасалған жағдайларға ерекше назар аударды.



ҚР Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Хусайынов, сондай-ақ миссияларға қатысқан қазақстандық бітімгершілер, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің БҰҰ-ның бітімгершілік қызметіне қосқан үлесі туралы мазмұнды ақпаратпен бөлісті.



Қазақстанның оң тәжірибесін атап өткен шетелдік дипломатиялық корпустың өкілдері қазақстандық әскерилерге алғыстарын білдіріп, қолдау көрсетті. Отандық «көгілдір каскаларға» БҰҰ-ның Ливандағы миссиясы аясындағы әрекеттері үшін жоғары баға берді. Осылайша, Үндістан Республикасының әскери атташесі сол елдің бригадасында қызмет ететін қазақстандық бітімгершілермен өзара іс-қимыл тәжірибесінің сәттілігін атап өтті. Бұл тәжірибені қазір басқа елдер де зерттеп жатыр.


Шараға қатысушылар БҰҰ туы астында қызметте жан тапсырған бітімгершілерді бір минут үнсіздікпен еске алды.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#БҰҰ #бітімгершілік #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Оқи алмайтын бала болмайды, оқыта алмайтын мұғалім болады» – сарапшылар білім жүйесіндегі басты мәселені атады

Бүгін 14:04

Алматыда колледждерге мемлекеттік тапсырыстың басым бағыттары бекітілді

Бүгін 12:16

Отбасы – бақыт мекені: Алматыда «Толағай жолы: Әке мен бала» эстафетасы өтті

Бүгін 12:00

Алматыда автобус парктеріне қойылатын экологиялық талаптар талқыланды

Бүгін 11:38

Алматылық дәрігерлер италиялық туристі аман алып қалды

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);