AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / БҰҰ Қазақстанның балалар құқығын қорғау саласындағ...

БҰҰ Қазақстанның балалар құқығын қорғау саласындағы реформаларын жоғары бағалады

Білім және ғылым 12.03.2025, 15:34 864 dulatbekova
БҰҰ Қазақстанның балалар құқығын қорғау саласындағы реформаларын жоғары бағалады
Сурет: Gov.kz
Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Мұнда елімізде балалар құқықтарын қорғау жүйесін нығайту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды 
 
ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан Қазақстанның балалар құқықтарын қорғау бойынша халықаралық стандарттарға бейілділігін растайтынын атап өтті. 2023 жылдың желтоқсанында Бала құқықтары туралы конвенцияның хабарлау рәсіміне қатысты Факультативтік хаттамасы ратификацияланды. Бұл құжат балалардың құқықтары бұзылған жағдайда халықаралық деңгейде шағым түсіруге мүмкіндік береді.
 
«Биылғы жылдың қаңтар айында БҰҰ-ға мүше мемлекеттер Қазақстанның адам құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған реформаларын бірауыздан жоғары бағалады. Бұл реформалар қоғамның ең осал топтарын қорғауды қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді стратегияларды іске асыру жолындағы маңызды қадам болды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде балалардың құқықтарын халықаралық стандарттарға сай жан-жақты әрі тиімді қорғауға бағытталған ауқымды заңнамалық және стратегиялық шаралар енгізілуде», – деп атап өтті Еділ Оспан.
 
2024 жылы Қазақстанда балаларды қорғауды күшейтуге бағытталған алты негізгі заң қабылданды. Жаңа заңдарға сәйкес, балаларға қатысты кез келген зорлық-зомбылық түрлеріне жауапкершілік күшейтілді. Сонымен қатар, қоғамдық көліктен балаларды мәжбүрлі түрде түсіруге тыйым салынып, ол үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Құрылыс компанияларына терезелерге қауіпсіздік механизмдерін орнату талабы заңнамалық түрде бекітілді. Бұл балалардың жазатайым оқиғалардан қорғалуына ықпал етеді. Сонымен бірге, балалар саудасының алдын алу шаралары күшейтілді. Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл институтының мәртебесі арттырылып, олар елдің барлық өңірлерінде жұмыс жасай бастады. Бұл балалардың құқықтарын қорғау механизмдерін айтарлықтай нығайтты. Қамқоршылық және қорғаншылық органдарының кадрлық әлеуетін арттыру үшін жаңа норматив енгізілді: енді әрбір 5000 балаға кемінде бір маман бекітілуі қажет. Бұл жаңашылдық бір жылдың ішінде мамандар санын 300-ге арттыруға мүмкіндік берді, нәтижесінде балалардың құқықтарын қорғау деңгейі айтарлықтай жақсарды.
 
Сонымен қатар, жетім балаларды қолдау мақсатында тәлімгерлік институты енгізілді. Осы бастама аясында 2024 жылы 330 бала жеке тәлімгерлік қолдауға ие болып, олардың қоғамға әлеуметтік бейімделуіне және психологиялық қолдау алуына мүмкіндік жасалды.
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#БҰҰ #Балалар құқығы #қорғау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);