AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / БҰҰ өкілдері Өңірлік экологиялық саммиттің жоғары...

БҰҰ өкілдері Өңірлік экологиялық саммиттің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын оң бағалады

Әлем 23.04.2026, 16:05 200 yakiya
БҰҰ өкілдері Өңірлік экологиялық саммиттің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын оң бағалады
Ақорда

Олардың айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген идеялар пікірталасқа негіз болып, Қазақстанның бастамалары өзекті екенін көрсетті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысына өздері жетекшілік етіп отырған ұйымдардың қызметі және климат, су қауіпсіздігі, апаттардың қаупін азайту, азық-түлік тұрақтылығы бағыттарында жүзеге асырып жатқан жобалары жайында мәлімет берді.

Әңгімелесу барысында Қазақстанның жаһандық бастамаларына айрықша мән берілді.

Мемлекет басшысы БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру идеясын көтергенін жеткізіп, Алматыда ашылған БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі орталығы өңірлік ықпалдастықты ілгерілетуде маңызды рөл атқаратынын мәлімдеді.

Президент Қазақстан орнықты даму, тұрақтылық пен өркендеу жолында БҰҰ құрылымдарымен ынтымақтастықты одан әрі дамыта беретінін растады.

Кездесуге БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ли Цзюньхуа, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Даму бағдарламасы әкімшісінің орынбасары Хаолян Сюй, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Татьяна Молчан, БҰҰ Бас хатшысының апаттар қаупін азайту жөніндегі арнаулы өкілі және БҰҰ апаттар қаупін азайту жөніндегі басқарма басшысы Камал Кишор, Дүниежүзілік метеорология ұйымының Бас хатшысы Селеста Сауло, Климат өзгерісі бойынша сарапшылардың үкіметаралық тобының төрағасы Джим Скеа, Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы бас директорының орынбасары – Еуропа мен Орталық Азиядағы аймақтық өкілі Виорел Гуцу қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#БҰҰ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жаңа музыкалық толқындағы бес жыл: Алматыда мерейтойлық BEU Fest фестивалі дүркіреп өтті

Бүгін 13:39

584 педагог пен 3676 оқушы: Алматыдағы пилоттық жоба алғашқы нәтижесін көрсетті

Бүгін 13:36

Алматыда жазғы маусым ашық аспан астындағы үлкен концертпен ашылды

Бүгін 11:48

Қазгидромет тоғыз қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 10:09

Жел, жаңбыр, аптап: Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 09:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);