AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Бұрынғы әділет министрін қамауда ұстау мерзімі ұза...

Бұрынғы әділет министрін қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Заң мен тəртіп 21.05.2024, 17:47 1,019 dulatbekova
Бұрынғы әділет министрін қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Сурет: Gov.kz

Сот бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың қамауда ұстау мерзімін ұзартты.

Бұл туралы Астана қалалық сот әкімшілігінің баспасөз қызметі мәлімдеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Экс-министрдің қамауға алу мерзімін ұзарту туралы шешім 15 мамырда қабылданған.

«Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 2024 жылғы 15 мамырда күдікті Бекетаев М.-ға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 21 маусымға дейін ұзартуға санкция бергенін хабарлаймыз», делінген елордалық соттың хабарламасында.

Осылайша Бекетаев кемінде тағы бір ай қамауда болады. Еске салайық, бұрынғы министр 2023 жылдың қазан айында ұсталған еді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, Марат Бекетаев талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарт жасау арқылы үлестес компанияның мүддесін қолдап, мемлекетке үлкен зиян келтірген.

Марат Бекетаев 2016-2022 жылдар аралығында Әділет министрі қызметін атқарған. 2022 жылдың қаңтарынан бастап Премьер-министрдің кеңесшісі қызметін атқарды. Ол бұл қызметтен 2022 жылдың желтоқсанында босатылды, бірақ бұл туралы тек 2023 жылдың ақпанында белгілі болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экс-министр #қамау #әділет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);