Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / «Бумажный дом» сериалының авторы мен қазақстандық...

«Бумажный дом» сериалының авторы мен қазақстандық продюсерлердің Netflix-ке арналған жобасы Comic Con Astana фестивалінде таныстырылады

Мәдени Алматы 24.06.2025, 11:28 955
«Бумажный дом» сериалының авторы мен қазақстандық продюсерлердің Netflix-ке арналған жобасы Comic Con Astana фестивалінде таныстырылады
Cурет: Aqshamnews.kz

«Бітім» (La Tregua) деп аталатын Карлаг тарихына негізделген туынды кинотеатрлар мен стриминг платформаларында көрсетіледі

Comic Con Astana 2025 фестивалінде Қазақстан мен Испания арасындағы алғашқы халықаралық бірлескен жоба –  «Бітім» (La Tregua) фильмінің тұсаукесері өтеді. Бұл туынды жаһандық прокат пен Netflix стриминг платформасына арналып түсірілген, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Карлагтың қайғылы тұстарын қозғайтын «Бітім» (La Tregua) фильмін режиссер Мигель Анхель Вивас түсіруде. Оның шығармашылық қорында аты аңызға айналған «Бумажный дом» (La Casa de Papel) сериалындағы эпизодтар, Мэттью Фокс түскен постапокалиптикалық триллер «Extinction» («Вымирание») және хоррор Inside («Внутри») фильмі бар.   

Фильмнің оқиғасы 1937-1945 жылдары Қазақстандағы Карлагта өрбиді. Бұл лагерьде әлемнің түкпір-түкпірінен әкелінген тұтқындар болған. Туындының басты желісінде – азаматтық соғыстың алапат желі екі жаққа айырған қос испан азаматы мен адам төзгісіз жағдайда адамгершілігі мен қайсарлығынан айнымаған қазақ зиялысы тұр. Фильм тарихи жады, жеке таңдау мен рухтың мызғымастығын басты тақырып етеді. «Бітім» фильмі кейіпкерлерінің тағдыры арқылы Қазақстанның миллиондаған адам үшін екінші Отанға қалай айналғаны айқындалады. Сондай-ақ, қиын-қыстау заманда ынтымақ, жанашырлық пен мәдениеттің адамзат үмітінің тірегі болғаны көрсетіледі.

Фильм постпродакшннің соңғы сатысында тұр. Қазір орыс және қазақ тілдерінде дубляж жасауға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Премьера 2025 жылғы күздің соңы – қыс мезгіліне қарай жоспарланған. Ал қыркүйекте фильм Сан-Себастьян халықаралық кинофестивалінде (Festival Internacional de Cine de San Sebastián) конкурстан тыс  ұсынылатын болады. 

Фильмге Netflix-тің танымал жобалары арқылы әлемге әйгілі болған актерлер Мигель Эрран («Бумажный дом») және Арон Пипер («Élite») түскен. Қазақстандық актерлерден фильмде Дина Тасболатова, Сергей Уфимцев, Алтынай Нөгербек пен Фараби Ақкөзов ойнады.

Режиссермен бірге «Бітім» жобасының атқарушы продюсері Эмилио А. Пина да конвентке қатысады. Оның қоржынында «Пропавшие без вести», «Инцидент» секілді 20-дан астам жоба бар. Сондай-ақ, Эмилио Пина Испанияның ұлттық кинопремиясы – «Гойя» сыйлығын бес мәрте ұйымдастырған.

Делегацияға сондай-ақ UMAIFILM-ның Бас продюсері Ерлан Халижанұлы Бекхожин қосылады. Ол – «Хабар» агенттігінің экс-Басқарма Төрағасы, еліміздің ірі медиаменеджерлерінің бірі және аудиовизуалдық контент саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосушы.

Фильм өндірісі Испанияның Plano a Plano кинокомпаниясы мен Қазақстанның Amanat Capital компаниясы арасындағы алғашқы халықаралық ынтымақтастық аясында жүзеге асырылуда. Испания тарапынан жобаға аудиовизуалдық контент жасауда мол тәжірибесі бар продюсерлер Цезарь Бенитес, Эмилио Амаре және Эмилио А. Пина жауапты. Қазақстан тарапынан фильмнің бас продюсері – Аманат Конақбаев. Продюсерлер құрамына Даир Қаракеев, Даурен Байғалиев және UMAIFILM компаниясының продюсерлері Жарасхан Құлпиенов пен Әлия Далабаева кіреді. Қазақстан командасының үйлестіруімен белгілі медиаменеджер, журналист және продюсер Ерлан Халижанұлы Бекхожин айналысады. 

Comic Con Astana-2025 фестиваль тарихындағы ең ірі шараға айналып, ТМД аумағындағы поп-мәдениет саласының ең ірі оқиғаларының біріне айналады. 2025 жылы фестиваль бес күнге созылып (9-нан 13 шілдеге дейін) алғаш рет екі ірі алаңда өтеді: «Астана-Арена» стадионы мен МЛД «Барыс-Арена».

2019 жылы құрылған сәтінен бастап конвент жергілікті шарадан халықаралық деңгейдегі толыққанды платформаға айналды. Ол киноиндустрия, анимация, комикс, видеоойындар, косплей және цифрлық өнер саласының өкілдерін біріктіреді.

Фестивальдің хэдлайнері – британдық актер, режиссер және цифрлық кейіпкерлерді экранға шығару саласындағы жаңашыл адам Энди Серкис. Ол – қозғалысты түсіру технологияларын дамыту арқылы кино индустриясында төңкеріс жасаған тұлға. Ең танымал рөлдері: Голлум («Сақиналар әміршісі»), Цезарь («Маймылдар планетасы»), Жоғарғы көшбасшы Сноук («Жұлдыздар соғысы»), Альфред Пенниуорт («Бэтмен», 2022), Кинг-Конг (Питер Джексон ремейкі), Улисс Кло (Marvel әлемі), Кино Лой («Андор»). Сонымен қатар Серкис «Веном 2», «Маугли» және жақында жарық көретін «Сақиналар әміршісі: Голлумға аңшылық» фильмдерінің режиссері.

Бұған дейін Comic Con Astana фестивалінің хэдлайнері ретінде әлемдік индустрияның танымал жұлдыздары өнер көрсетті, олардың қатарында  Мадс Миккельсен, Пилу Асбек, Майкл Рукер, Шон Ганн, Перси Хайнс Уайт және басқалары бар.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бумажный дом #Сериал #Netflix
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика