AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматылық ғалымдардың тарихи ғимараттарды сақтауға...

Алматылық ғалымдардың тарихи ғимараттарды сақтауға арналған ғылыми әзірлемесі халықаралық ғылыми журналда жарияланды

Алматы Бүгін 12:00 51
Алматылық ғалымдардың тарихи ғимараттарды сақтауға арналған ғылыми әзірлемесі халықаралық ғылыми журналда жарияланды

«Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институтының мамандары Алматыдағы тарихи ғимараттарды зерттеу және сақтау үшін цифрлық модель әзірледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Зерттеу нәтижесі сәулет және құрылыс саласындағы рейтингі жоғары басылымдардың бірі саналатын Швейцарияның MDPI баспасына қарасты халықаралық Buildings ғылыми журналында жарияланды.

«Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институты өкілдерінің мәліметінше, «Тарихи қалалық ландшафт контексіндегі сәулет мұрасын цифрлық құжаттаудың тұжырымдамалық моделі: Алматы мысалында» атты ғылыми мақала тарихи-мәдени нысандарды зерттеу және сақтау үшін заманауи технологияны қолдануға арналған.

Ұсынылған тәсіл сәулет мұрасын кешенді зерттеуге негізделген. Тарихи ғимараттарды бағалау кезінде олардың сәулеттік ерекшеліктерімен қатар, қалалық ортамен, табиғи жағдаймен және Алматының даму тарихымен байланысы да ескеріледі.

Зерттеу Scopus және Web of Science халықаралық ғылыми дерекқорларына енгізілген, ғылыми сараптамадан өтетін Buildings журналында жарияланды. 2025 жылы CiteScore деректеріне сәйкес, басылым «Сәулет» бағыты бойынша бірінші квартильге (Q1) кіріп, 210 журналдың арасында 18-орында тұр. Журналдың CiteScore көрсеткіші – 5,6.

Бұл мақала алматылық мамандардың ғылыми нәтижесін халықаралық деңгейде танытуға және ұсынылған тәсілдерді қаланың сәулет мұрасын одан әрі зерттеу мен сақтау жұмыстарына қолдануға жол ашады.

Мақаланың толық мәтінін мына сілтемеден оқи аласыздар: https://doi.org/10.3390/buildings16214298

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тарихи ғимараттар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент ең төменгі жалақы мөлшерін 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырады

Бүгін 12:52

Жыл сайын 330 мыңнан астам сәби дүниеге келеді

Бүгін 12:47

Мемлекеттік көмек шын мұқтаж адамдарға ғана берілуге тиіс

Бүгін 12:44

Жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет

Бүгін 12:36

Макроэкономикалық саясатты мұқият ойластырып жүргізген жөн

Бүгін 12:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);