AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бүгіннен бастап ЭЦҚ өзгереді

Бүгіннен бастап ЭЦҚ өзгереді

Әлеумет 30.04.2024, 04:52 1,034
Бүгіннен бастап ЭЦҚ өзгереді
Сурет: интернеттен

Енді әдеттегідей 2 емес, бір ғана GOST файлынан тұрады. 


Ол аутентификация үшін де, қол қою үшін де жарамды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қазақстанда электронды цифрлық қолтаңба беру тәртібіне қатысты құжатқа енгізілетін өзгерістер 30 сәуірден бастап күшіне енеді. Соған сәйкес, Қазақстан ҚР СТ ГОСТ Р 34.10-2015 криптографиялық стандартына көшеді. 


Жаңа стандарт аясында қазақстандықтар 30 сәуірден бастап электронды цифрлық қолтаңба алғанда жүйеге кіруге арналған AUTH RSA және қол қоюға мүмкіндік беретін RSA файлдарының орнына бір ғана GOST файлы ұсынылады. Бұл файл аталған екі қызметті де жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 


Бұл ретте бұған дейін алынған қос файлды электронды цифрлық қолтаңбаны ауыстырудың қажеті жоқ екенін еске саламыз. Олар белгіленген уақыты аяқталғанға дейін жарамды болады. 



"Бүгінгі күні Ұлттық куәландыру орталығы ашық және жабық кілттерін туындату RSA және МЕМСТ 34.310-2004 алгоритмдерінде жүргізіледі. Бұл ретте ақпараттық технологиялар мен криптографиялық талдау әдістері үздіксіз дамуда, осыған байланысты ҚР ҰКО МЕМСТ 2015 жаңа мемлекетаралық криптографиялық стандартына көшуді жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Барлық бұрын шығарылған тіркеу куәліктері олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталатын болады", – делінген Ұлттық куәландыру орталығының хабарламасында. 



Сондай-ақ, жаңа МЕМСТ 2015 алгоритмін қолдау жаңартылған NCALayer арқылы қамтамасыз етіледі. Жаңа нұсқа шыққаннан кейін, қолданба автоматты түрде пайдаланушыға NCALayer жаңартуды ұсынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ЭЦҚ #өзгеріс #қол қою
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);