AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Бүгін бокстан әлем чемпионатында 4 қазақстандық қы...

Бүгін бокстан әлем чемпионатында 4 қазақстандық қыз шаршы алаңға шығады

Спорт 11.05.2022, 03:15 1,420
Бүгін бокстан әлем чемпионатында 4 қазақстандық қыз шаршы алаңға шығады
Сурет: Inform.kz

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында бүгін, 11 мамырда қазақстандық төрт спортшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Әлем чемпионатына еліміздің атынан 12 боксшы барды. Олардың қатарынан әзірге екі боксшы шаршы алаңға шығып, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.


Алдымен 8 мамырда ел құрамасынан Валентина Хальзова (70 келі) кениялық Лорна Куса Симбиді тізе бүктірді.


Одан кейін 10 мамырда Алуа Балқыбекова (48 келі) канадалық Приянка Диллоннан басым түсті. Енді 11 мамырда күндізгі сессияда Жайна Шекербекова (52 келі) Пуэрто-Рико елінен келген Мелоди Варгаспен шаршы алаңға шықса, Карина Ибрагимова (57 келі) румыниялық Клаудия Нечитамен кездеседі.


Сондай-ақ, аталған сессияда Аида Әбікеева (63 келі) алжирлік Имане Хелифпен қолғап түйістіреді. Ал кешкі сессияда Надежда Рябец (75 келі) түркиялық Бушра Ишилдармен шаршы алаңға шығады.


Ел құрамасынан алдағы күндерде Назым Қызайбай (50 келі), Дина Жоламан (54 келі), Римма Волосенко (60 келі), Дариға Шәкімова (66 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) сынға түседі.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #бокс #Әлем чемпионаты #әйелдер чемпионаты #ринг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін 15:53

Алматыда регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

Бүгін 14:08

Мемлекет басшысы премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады

Бүгін 12:34

Бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 11:29

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Кеше 18:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);