AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Будапештегі турнирде үш балуанымыз белдеседі

Будапештегі турнирде үш балуанымыз белдеседі

Әлеумет 09.06.2024, 17:41 975 Nursok82
Будапештегі турнирде үш балуанымыз белдеседі
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен рейтингілік турнирде бүгін, 9 маусым, жарыстың соңғы күнінде қазақстандық үш балуан сайысқа түседі, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Ел құрамасынан Демеу Жадраев (77 келі), Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) және Шамиль Ожаев (87 келі) боз кілемге шығады.

Айта кетсек, рейтингілік турнирде еліміздің еркін, әйелдер және грек-рим күресінің шеберлері бақ сынап жатыр.

Ел құрамасынан Әлішер Ерғали (97 келі), Жәмила Бақбергенова (72 келі) чемпион атанды.

Ал Юсуп Батырмырзаев (125 келі) күміс, Ризабек Айтмұқан (97 келі), Гүлмарал Еркебаева (72 келі), 59 келіде Диана Каюмова (59 келі) қола жүлдегер атанды.

ҚР Күрес түрлері федерациясының баспасөз хатшысы Аспандияр Есенжоловтың айтуынша, рейтингілік турнир Олимпиада алдындағы соңғы сынақ болып отыр. Бұдан кейін қорытынды рейтингі шығарылады. Соның негізінде Олимпиада жеребесі тартылады. Рейтингіде жоғары тұрған балуандар аз ұпай жинаған қарсыласымен кездеседі. Бұл жөнінен Азамат Дәулетбеков бірінші орында келеді. Қалған спортшылар ұпай қорын молайтуы тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Будапешт #Балуан #Күрес #белдесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада V Еуразия экономикалық форум басталды

Бүгін 19:58

Қазақстан мен Ресей басшыларына «Астана – Мәскеу» жүргізушісіз жүк көлігі автобағытының іске қосылуы көрсетілді

Бүгін 19:21

Қазақстан мен Ресей президенттеріне Амур жолбарыстарын жерсіндіру жобасы таныстырылды

Бүгін 19:15

Қазақстан мен Ресей президенттері Астанадағы «Сириус» мектебінің құрылысын бастап берді

Бүгін 19:06

Президенттер Қазақстан мен Ресейдің мәңгі достығы аллеясында емен көшетін екті

Бүгін 19:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);