AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бұдан былай сарбазды міндетті түрде менингитке тек...

Бұдан былай сарбазды міндетті түрде менингитке тексереді

Әлеумет 19.01.2024, 11:15 1,339
Бұдан былай сарбазды міндетті түрде менингитке тексереді
Сурет: Astanatv.kz

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов әскерге шақырылған сарбаздар міндетті түрде менингитке тексерілетінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұған дейін Жетісу облысында әскерге барғанына 3-ақ ай болған сарбаздың көз жұмғаны хабарланған еді. Ол менингит ауруынан көз жұмған. Министр осы жағдайдан кейін сарбаздардың денсаулығын жеке бақылауына алғанын жеткізді.



«Сарбаздың отбасына көңіл айтамын. Ол менингит ауруынан көз жұмды... Өкінішке қарай, міндетті түрде тапсыратын медициналық анализдердің тізімінде менингитке тексерілу жоқ. Қазір оны біз тізімге қосу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Осы жағдайдан кейін мен тиісті шешім қабылдадым, тиісті қаржы бөлінді. Сарбаздар әскери бөлімге келгеннен кейін оларды 100% менингококқа тексереміз. Егер ауру анықталса, олар 5-7 күн бойы дәрі ішіп, емделеді», - деді Руслан Жақсылықов Парламенттің бірлескен отырысынан соң.



Сондай-ақ ол аурудан көз жұмған сарбаздың ата-анасы дәрігерлер қойған диагнозбен келіспей отырғанын атап өтті.



«Мен де әкемін. Оларды түсінемін. Мұндай жағдайдың болғаны бәрімізге ауыр тиді. Қазақта «ажалы келді» деген сөз бар. Сараптама (дәрігерлер қойған диагнозды) растады», - деді министр.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#сарбаздар #менингит #міндетті тексеру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Бүгін 19:45

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Бүгін 19:15

Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 18:03

Алматыда жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтіліп жатыр

Бүгін 16:54

Алматыда инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);