AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Британдық сәулетшілер Алматыда жобаларды жүзеге ас...

Британдық сәулетшілер Алматыда жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты

Алматы Бүгін 15:25 25
Британдық сәулетшілер Алматыда жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты
Алматы әкімдігі

Қаланың тауға жақын орналасуы туристерді тартудағы басты артықшылықтардың бірі болып саналады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматының бірегей табиғи ландшафты, жасыл желекке бай болуы және көшелерінің тиімді ұйымдастырылуы қаланы одан әрі дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Мұндай пікірді Алматыда екінші күн өтіп жатқан SHARE Kazakhstan халықаралық сәулет форумында SimpsonHaugh британдық сәулет компаниясының серіктесі Кристиан Мэйл білдірді.

Сарапшы мегаполистің көлік және жүргіншілер инфрақұрылымына, жасыл желекті сақтауға және жеңіл рельсті көлік жүйесін дамыту жобасына жоғары баға берді.

Британдық сәулет бюросының өкілі Алматыда түрлі жобаны жүзеге асыруға қызығушылық танытатынын жеткізді. Оның айтуынша, жаңа ғимараттар заманауи сәулет шешімдерін қаланың тарихи мұрасы мен өзіндік келбетін құрметтеумен ұштастыруы керек.

Ал Plan A Consultants Ltd британдық компаниясының директоры Нед Барранның пікірінше, Еуропада қаланың тауға жақын орналасуы туристерді тартудағы басты артықшылықтардың бірі саналар еді.

«Алматы өзінің артықшылығын халықаралық деңгейде кеңінен танытып, тікелей әуе қатынасын дамытуға көбірек көңіл бөлуі керек. Zaha Hadid Architects сияқты сәулет бюроларымен ынтымақтастық орнату әлемнің түкпір-түкпірінен үздік сәулетшілерді тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Алматыда халықаралық сәулет қауымдастығының қызығушылығын оятуға қажетті барлық мүмкіндік бар», – деді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Мәскеуге жұмыс сапарымен барады

Бүгін 15:30

Алматыда тағы бір заңсыз салынған дәмхана сүрілді

Бүгін 15:17

Ел болып игі істер жасайтын кезеңдеміз – Құрылтай депутаттары үндеу жариялады

Бүгін 15:03

Мерекелер қарсаңында қосымша пойыздар жүреді

Бүгін 14:32

Жақында Алматы-1 вокзалы ашылады

Бүгін 14:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);