Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрс...

БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсететін волонтерлік штаб құрылды

Оқиға 04.04.2022, 02:45 1,215
БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсететін волонтерлік штаб құрылды
Cурет: Inform.kz

Волонтерлік штаб облыс тұрғындарынан киім-кешек, тез бұзылмайтын тағамдар, дәрілік және жеке гигиеналық заттар және басқа да алғашқы керек заттарды қабылдауды жалғастыруда


Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсететін волонтерлік штаб құрылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


БҚО ішкі саясат басқармасы мәлім еткеніндей, штабты облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Әділгерей Зұлхаров басқарады.


Штаб Ғ.Қараш көшесі, 16 үй мекенжайындағы облыстық теннис орталығында орналасқан.



«Қазіргі таңда Қаратөбе, Жәнібек, Шыңғырлау, Бөрлі аудандарынының әрқайсысында 30 адамнан құралған волонтерлік топтар қызмет атқаруда. Олар зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру жұмыстарына жәрдем беруде. Сонымен қатар Орал қаласында 100-ден астам волонтер көмек көрсетуге дайын. Волонтерлік штаб облыс тұрғындарынан киім-кешек, тез бұзылмайтын тағамдар, дәрілік және жеке гигиеналық заттар және басқа да алғашқы керек заттарды қабылдауды жалғастыруда. Жеткілікті деңгейде жиналған соң аталған аймақтарға жөнелтіледі. Қосымша сұрақтар бойынша штаб жетекшісі Әділгерей Зұлхаровқа, 8-708-704-77-78 телефон нөміріне қоңырау шалуға болады», - деп хабарлады ведомстводан.



«Орал қаласындағы теннис орталығында орын тепкен көмек орталығында тұрғыдардан жиналған азық-түлік, басқа да заттарды аудандарға жөнелтетін боламыз. Аудандарда волонтерлік топтар қазіргі кезде кезекшілікте жүр. ТЖ қызметкерлерімен бірге су тасқыны зардаптарын жою және алдын алу жұмыстарына қатысуда. 2011 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде осындай штаб құрылып, жұмыс істеген болатын», - деді штаб жетекшісі Әділгерей Зұлхаров.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 100-ге жуық тұрғын үйді су басқанын, тасқын су шайып кеткен соң бірнеше көлік жолы жабылғанын жазған болатынбыз.


Сондай-ақ БҚО-да 2 жүкті әйел су басқан аумақтан тікұшақпен Оралға жеткізілді.


БҚО-да республикалық маңызы бар тағы бір трассаны су басты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#БҚО #су тасқыны #волонтер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жыл басынан бері үш тонна есірткі айналымға жіберілмеді

Бүгін 14:41

Астрофизик: Айға қайта оралу – ғылым үшін жаңа кезең 

Бүгін 12:01

Астрономияны білсеңіз, астрологияға сенбейсіз – астрофизик пікірі

Бүгін 11:56

Қазақстанда ғалым қанша табыс табады?

Бүгін 11:52

2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика