AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / БҚО-да су тасқыны салдарын қалпына келтіруге 100 м...

БҚО-да су тасқыны салдарын қалпына келтіруге 100 млрд теңге бағытталды 

Әлеумет 24.09.2024, 20:07 483
БҚО-да су тасқыны салдарын қалпына келтіруге 100 млрд теңге бағытталды 
Сурет: Gov.kz

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңірде зардап шеккендерге өтемақы төлеу және қалпына келтіру жұмыстарының толық аяқталғаны туралы баяндады. 

Жалпы сомасы 3,6 млрд теңгеге 9 994 отбасы біржолғы төлем алды. 10 222 отбасына 3,7 млрд теңгеге материалдық өтемақы төленді.  Зардап шеккен үйлерді жөндеуге 4,3 млрд теңге бағытталды, 42,3 млрд теңгеге 2015 пәтер сатып алынды және 775 жаңа тұрғын үй салынды.

Құрылыс жұмыстарына 60-тан астам жергілікті компания мен 2 мыңға жуық адам жұмылдырылды.  Сонымен қатар Сырым ауданында алдында жүргізілген техникалық тексеру нәтижесінде жөндеуге жатқызылған бірқатар тұрғын үйлерде уақыт өте келе іргетастары шөгіп, қабырғаларында жарықтар пайда болды.

Әкім тұрғындардың өтініштері негізінде қайта техникалық тексеру жүргізіліп, тағы 38 жаңа тұрғын үй салу туралы шешім қабылданғанын хабарлады.

Құрылыс жұмыстары 3 қыркүйекте басталды және биылғы 15 қазанға дейін аяқталады.  Бұдан бөлек, Орал қаласында қайталама нарықта пәтер сатып алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру барысында көпбалалы отбасылардан жеке тұрғын үйлер салу бойынша өтініштер келіп түсті. Осыған байланысты, қысқа мерзімде Орал қаласының Деркөл кентінде 28 қосымша тұрғын үйдің құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстары осы жылдың 1 қазанына дейін аяқталады.

 Жалпы, облыс бойынша су тасқыны салдарын қалпына келтіруге барлық көздерден 100 млрд теңге бағытталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Нариман Төреғалиев #тасқын #қаржы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық кітап күні: Алматыда кітапханашыларға құрмет көрсетілді

Бүгін 15:11

Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтердің дайындығы күшейтілді

Бүгін 14:33

Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директорымен кездесті

Бүгін 14:31

Ең бақуатты елдердің тізімі жарияланды

Бүгін 14:19

Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Бүгін 12:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика