AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бостандық ауданындағы 67 үйдің қасбеті қалалық бағ...

Бостандық ауданындағы 67 үйдің қасбеті қалалық бағдарлама аясында жөнделеді

Әлеумет Бүгін 14:43 83 yakiya
Бостандық ауданындағы 67 үйдің қасбеті қалалық бағдарлама аясында жөнделеді
Алматы әкімдігі

Бостандық ауданындағы 67 үйдің қасбеті қалалық бағдарлама аясында жөнделеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бостандық ауданында Алматының дизайн-код талаптарына сәйкес бірыңғай сәулеттік келбетті қалыптастыру жобасы жүзеге асырылуда.

Биыл аудан аумағында 67 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбетіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл шаралар қалалық ортаның сыртқы келбетін жақсартуға, көшелердің эстетикалық деңгейін арттыруға және тұрғын үйлердің қасбеттерін кешенді түрде жаңартуға бағытталған.

«Қала әкімі Дархан Сатыбалдының «Қасбеттен қасбетке дейін» бастамасы аясында бірқатар маңызды міндет кешенді түрде шешілуде. Атап айтқанда, 60-70 жыл бұрын салынған тұрғын үйлердің сыртқы келбетін жаңарту, қажет болған жағдайда шатырларын жөндеу, сондай-ақ қасбеттерді біріздендіріп, балкондар мен көшелерді бірыңғай сәулеттік стильге келтіру көзделген. Сонымен қатар жүргіншілерге жайлы қоғамдық кеңістіктер қалыптастыруға ерекше мән берілуде. Жұмыс барысында отандық табиғи материалдар пайдаланылуда. Олардың қатарында Жамбыл облысынан жеткізілетін табиғи гранит және Ақтау тасы бар. Бостандық ауданында жалпы 9 көшедегі 67 үйдің қасбеті жаңғыртылуда. Олардың қатарында Тимирязев, Абай, Сәтбаев, Масанчи, Розыбакиев, Жандосов, Мүсірепов, Сейфуллин және Жароков көшелері бар», - деді аудан әкімі Азамат Қалдыбеков.

Жөндеу жұмыстары кезінде заманауи қасбеттік материалдар қолданылады. Олардың ішінде травертин, гранит және алюминий композиттік панельдер (АКП) бар. Бұл материалдар қаланың бекітілген сәулеттік келбетіне толық сәйкес келеді.

Бүгінде 24 көппәтерлі тұрғын үйде жұмыс аяқталуға жақын. Атап айтқанда, Розыбакиев көшесі, 250 мекенжайындағы үйдің қасбетін жөндеу жеке инвестор есебінен, бюджет қаражатынсыз жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар қалалық бағдарламаны іске асыру аясында тағы 23 тұрғын үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл үйлер Бұқар жырау, Байсейітова, Масанчи, Мүсірепов көшелерінде, сондай-ақ әл-Фараби және Абай даңғылдары бойында орналасқан.

Мердігер ұйымдар қасбеттерді тазалау, апатты элементтерді бұзу, сылақ қабатын қалпына келтіру, кіреберіс бөліктерін жөндеу және заманауи қасбеттік жүйелерді орнату жұмыстарын атқарып отыр.

Масанчи көшесіндегі екі қабатты тұрғын үйлерге ерекше назар аударылып отыр. Бұл үйлерде қасбетті жөндеумен қатар шатырларды да жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Ұзақ уақыт пайдаланылғандықтан, шатырлардың тозуы байқалып, кей жерлерде су ағу жағдайы тіркелген. Осыған байланысты ғимараттардың әрі қарай тозуын болдырмау және тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту үшін кешенді жөндеу жұмыстары қолға алынған.

Жобаны жүзеге асыру барысында тұрғындардың пікірі ескеріледі.

«Үйдің қасбеті жаңартылып, қабырғалары жылытылғаны ұнады. Сонымен қатар шатырдан суды ағызуға арналған жүйе қарастырылған. Бұрын қыста мұз сүңгілері жиі пайда болатын, бұл қауіпті еді. Біздің аумақта студенттер көп жүретіндіктен, алаңдайтынбыз. Қазір үйдің келбеті қатты өзгерді, өте әдемі болды. Әкімдікке алғыс білдіреміз», – дейді Масанчи көшесінің тұрғындары.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қасбет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);