Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бостандық ауданында санитарлық мақсатта 4500 ағаш...

Бостандық ауданында санитарлық мақсатта 4500 ағаш кесілді

Әлеумет 20.10.2022, 04:04 1,443
Бостандық ауданында санитарлық мақсатта 4500 ағаш кесілді
Сурет: Nobili.ru

Алдағы уақытта 900 ағаш кесіледі.


Алматы әкімі Ерболат Досаев 20 қазанда Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу барысында осы ауданда жайлы орта құру жұмыстарын қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Өткен кездесулерде авариялық жағдайдағы ағаштарды кесу, әсіресе тұрғын үйлердің ауласындағы жасыл желектерді санитарлық кесу туралы сұрақтар жиі қойылды.Қазір қалада авариялық жағдайдағы 5 мың ағашты кесу жұмыстары басталды, оның ішінде Бостандық ауданында 900 ағаш кесіледі. Қазіргі уақытта ауданның 3 көшесіндегі (Гагарин даңғылы, Абай даңғылы, Сәтбаев көшесі) авариялық жағдайдағы 207 ағаш оталды, санитарлық мақсатта 4500 ағаш кесілді», - деді қала басшысы.



Әкімнің айтуынша, ауданда жаңбыр кезінде үнемі су басып кететін 5 учаске бар.



«Төтенше жағдайлар желісі бойынша бұл проблеманы  тездетіп шешу үшін биыл қыркүйек айында арық өткелдерін қалпына келтіру және арық желісін салу жұмыстары басталды.2 арық өткелін реконструкциялау жұмыстары аяқталды (Жароков және Сәтбаев көшелерінің қиылысы, Байтұрсынов және  Сәтбаев көшелерінің қиылысы).Қалған 3 учаскені жою жұмыстарын 2022 жылдың желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланған (әл-Фараби – Ремизовка, Әл-Фараби – Гагарин, Тимирязев – Гагарин көшелері)», - деді Ерболат Досаев.



Оның сөзіне жүгінсек, биылғы қазан айының соңына дейін әл-Фарабиден Абай даңғылына дейінгі ұзындығы 4,5 км Үлкен Алматы жағалауын реконструкциялауға және абаттандыруға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталады. 2022 жылдың қараша айының соңына дейін жоба бойынша сараптаманың шығуын күтеміз. Жобаны іске асыру 2023 жылдың II тоқсанында басталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ағаш #қала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мобильді аударымдар тексеріледі: нені білу керек?

Бүгін 16:41

Доллар бағамы 460 теңгеге дейін төмендеді

Бүгін 16:17

Алматы мен Шанхай орнықты даму бағытындағы серіктестікті күшейтуде

Бүгін 15:25

Қытайдың ірі құрылыс компаниясы Алматыдағы жобаларға қатысу аясын кеңейтпек

Бүгін 15:16

ҚХР Бас консулы: Алматы мен Шанхай жасанды интеллект пен «жасыл» экономикада жаңа өсім нүктелерін қалыптастырып келеді

Бүгін 14:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика