конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Бостандық ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің қас...

Бостандық ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу бағдарламасы жалғасуда

Алматы Бүгін 17:08 33 yakiya
Бостандық ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу бағдарламасы жалғасуда

Бостандық ауданында Алматы қаласының дизайн-код талаптарына сәйкес бірыңғай сәулеттік келбетті қалыптастыруға бағытталған қалалық бағдарлама аясында көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу жұмыстары жалғасуда, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз турында жобаның жүзеге асырылу барысымен журналистерді Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Мирас Зейнолдин таныстырды.

Бағдарлама аясында биыл аудан бойынша 67 көпқабатты тұрғын үйдің қасбетін жөндеу жоспарланған. Жобаның негізгі мақсаты – тұрғын үй қорының сыртқы келбетін кешенді түрде жаңарту, көшелердің бірыңғай сәулеттік келбетін қалыптастыру, қалалық ортаның эстетикалық тартымдылығын арттыру және тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсарту.

«Алматыда қасбеттерді жаңарту жұмыстары биылғы сәуір айынан бері жүргізіліп жатыр. Алғашқы кезеңде Абай даңғылы, Сәтбаев, Тимирязев көшелері және басқа да магистральдық көшелер бойында орналасқан үйлер іріктелді. Әрбір ғимарат үшін оның тарихи келбетін сақтай отырып, жеке дизайн-жоба әзірленуде», – деді Мирас Зейнолдин.

Жөндеу барысында қаланың бекітілген сәулеттік талаптарына сай келетін заманауи әрі ұзақ мерзімге төзімді материалдар қолданылады.Әрлеу жұмыстарына ұзақ уақыт бойы сапасын сақтайтын, берік әрі төзімді травертин, гранит және алюминий композиттік панельдер пайдаланылады.

Қазіргі таңда 47 көпқабатты тұрғын үйде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның ішінде төрт үйдің қасбеті толық жаңартылды. Қасбеттерді жөндеумен қатар, жоба аясында ғимараттарға сәулеттік жарықтандыру орнату, балкон ойықтарын, сәндік элементтерді және кіреберіс топтарын жаңарту жұмыстары да қарастырылған.

«Бағдарлама үйлердің сыртқы келбетін жаңартумен ғана шектелмей, олардың пайдалану мерзімін ұзартуға да бағытталған. Алғашқы нысандар пайдалануға берілгеннен кейін тұрғындар нәтижені оң бағалап, бүгінде көптеген азаматтар өз үйлерін бағдарламаның келесі кезеңіне енгізуді сұрап жатыр», – деп атап өтті аудан әкімінің орынбасары.

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде тұрғын үйлердің сыртқы келбеті жаңартылып қана қоймай, аудан тұрғындары үшін жайлы, заманауи әрі эстетикалық тартымды қалалық орта қалыптасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қасбет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды

Бүгін 16:52

«Хандар киген қамқа тон» қой үстіне жабылғаны ма?

Бүгін 16:39

Алматыда биыл 13 жаңа студенттер жатақханасы пайдалануға беріледі

Бүгін 16:08

Алматының Бостандық ауданында жаңа «SHUAQ» қоғамдық кеңістігі пайда болады

Бүгін 16:05

Алматыдағы педагогтердің кәсіби дамуы жаңа серпін алады

Бүгін 15:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);