AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Боран, көктайғақ: 10 желтоқсанда ауа райы қандай б...

Боран, көктайғақ: 10 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

Барлығы 10.12.2025, 08:54 654
Боран, көктайғақ: 10 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Сурет: Astanatv.kz

Синоптиктер 10 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Батыс өңірлерде ауа райы қандай болады?

Батыс аймақтарда көбіне жауын-шашынсыз, түнде тұман байқалады. Кей өңірлерде (Маңғыстау, Атырау) жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ күтіледі. Жел шығыс, оңтүстік-шығыс бағыттан 9-14 м/с, кей жерде 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 4-18 градус аяз, кей аймақта 0 градус шамасы, күндіз 0…5 градус аяз, Маңғыстауда 1-3 градус жылы.

Солтүстік және орталық өңірлер де қалай болмақ?

Бұл өңірлерде қатты аяз сақталады. Түнде 20-30 градус аяз, күндіз 12-20 градус аяз болады. Кей аймақтарда (Павлодар, Қарағанды, Ұлытау) қар, боран, көктайғақ, тұман күтіледі, жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Астана мен Көкшетауда жауын-шашынсыз, бірақ 24-30 градус аяз болады.

Шығыс өңірлерде боран болады

Шығыста қар, боран, көктайғақ күтіледі. Кей жерде (Өскемен, Семей) қар күшейіп, бұрқасын соғады. Жел 9-14 м/с, екпіні 20-23 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 18-27 градус аяз, кейін одан әрі төмендейді. Тұман түнде және таңертең болуы мүмкін.

Оңтүстік өңірлер көктайғақ күтіледі 

Оңтүстікте кей жерлерде қар жауып, таулы аймақтарда боран және көктайғақ байқалады. Жел 8-15 м/с, таулы аймақтарда 20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 3-12 градус аяз, тауда 15 градус аязға дейін; күндіз 0…8 градус жылы, таулы өңірлерде 5-11 градус аяз. Алматы мен Қонаевта қар жауады. Шымкент пен Түркістанда түнде -5…-8 градус, күндіз 0…3 градус жылы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #синоптиктер #болжам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы академиясы көп балалы ананы қуантты

Бүгін 12:36

Алматыда ашық ота жасамай, жүрекке жоғары технологиялық ем жүргізілді

Бүгін 12:24

Қазақстандықтар Наурызда қанша күн демалады?

Бүгін 12:14

Алматыда алғаш рет мектеп директорларын іріктеу ашық форматта өтті: қоғам өкілдері процесті тікелей эфирде бақылады

Бүгін 11:47

Алматыда алғаш рет ұлттық киіммен мұз айдынында жаппай сырғанау өтеді

Бүгін 11:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика