Болашақта еліміздің оңтүстігінде зәйтүн өсіріледі

Болашақта еліміздің оңтүстігінде зәйтүн өсіріледі Сурет: 24.kz

Тунистің ауыл шаруашылығымен жасалған келісімге сәйкес, Солтүстік Африка мемлекеті мамандарын жіберіп, озық тәжірибемен бөліседі.


Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы елімізге азық-түлік пен ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастықты дамытуды көздеп келген делегацияны қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.


Тунистің Ауыл шаруашылығы, су ресурстары және балық шаруашылығы министрі Абдел Монем Белати бастап келген делегация құрамында 7 кәсіпорын өкілдері бар. Олар қазақстандық әріптестерімен, алыс-беріс орнату мақсатында көлік-логистика мәселесін талқылайды. Қазақстан Туниске бидай, ал Солтүстік Африка мемлекеті бізге құрма және зәйтүн өнімдерін жеткізуге ниетті. Екі ел арасында туризмді дамыту жолдары да қарастырылады. 



«Осы 2 күннің ішінде бізде өте жақсы маңызды кезедсу өтіп жатыр. Соның аясында бізде жаңа министр Айдарбек Сапаровпен бірге кездесу болды. Сол кездесу аясында өте жақсы келісімшарттар, маңызды мәселелер талқыланды», - дейді Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының бас директоры Ерлан Байдәулет.






Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:13

17:00

16:45

16:25

16:11

15:58

15:46

15:33

15:20

15:09

14:43

14:30

14:16

12:43

12:29

12:17

12:01

11:41

11:39

11:30

11:26

11:11

11:01

10:51

10:45