AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «Болашақпен» тағылымдамадан өтуге құжат қабылдау 5...

«Болашақпен» тағылымдамадан өтуге құжат қабылдау 5 қыркүйекте басталады

Білім және ғылым 22.08.2022, 05:22 1,506
«Болашақпен» тағылымдамадан өтуге құжат қабылдау 5 қыркүйекте  басталады
Сурет:Ruh.kz

Биыл тағылымдама бағдарламасына 110 стипендия бөлінді.


Өтінімдер 14 қазанға дейін Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталында қабылданады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


2022 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстанда «Болашақ» бағдарламасы бойынша жетекші ЖОО-лар мен ұйымдарда шетелдік тағылымдамадан өтуге құжаттар қабылдау басталады.


Биыл тағылымдама бағдарламасына 110 стипендия бөлінді.



2022 жылы тағылымдамадан өтуге қызметкерлердің келесі санаттары бекітілген: инженерлік-техникалық қызметкерлер, медициналық қызметкерлер, мәдениет, туризм және спорт саласының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері.



«Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтуге арналған басым мамандықтардың тізімі 158 мамандықты көздейді.


Айта кетейік, тағылымдамадан өтетін стипендиаттар кепілге мүлік ұсынбайды. Міндеттемелерді орындау үшін екі гарант ұсыну ғана жеткілікті.


Гарант ретінде соңғы 12 айда тұрақты табысы бар 50 жасқа дейінгі ҚР азаматтары бола алады.


Тағылымдамадан өтуге үміткерлердің кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс, соның ішінде соңғы 12 ай бойы таңдаған мамандық бойынша жұмыс істеуі тиіс. Сонымен қатар тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымнан шақыру, деңгейі кемінде В1 ҚАЗТЕСТ сертификатының болуы міндетті.


«Ғалымдар» санаты бойынша тағылымдамадан өту үшін өтінімдерді қабылдау мен конкурстық іріктеу бөлек жүргізіледі, өту мерзімдері туралы қосымша хабарланатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#болашақ #тағылымдама #Стипендия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);