Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау басталады

«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау басталады

Білім және ғылым 17.05.2022, 09:22 1,438
«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау басталады
Сурет: Ruh.kz

Осы жылы магистратура мен резидентураға 385, докторантураға 60 стипендия бөлінді.


ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 мамырда «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына түсу үшін құжат қабылдау басталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Конкурстық іріктеу 2022 жылғы 30 мамыр мен 30 қараша аралығында өтеді.


Өтініштер 2022 жылғы 14 қазанға дейін Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады. Биыл тағылымдамадан өтуге құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 5 қыркүйекте басталып, 14 қазанға дейін жалғасады.



«Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау процесі іске қосылды. Инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басты назар аударылады. Осыған байланысты «Болашақ» бағдарламасы бойынша техникалық және IT мамандықтарға гранттар саны 60 пайызға дейін ұлғайтылды. Бұл «Инженерлік жүйелер мен желілер», «Авиация және аэроғарыштық техника. Әуе қозғалысын басқару», «Үлкен деректерді талдау», «Жаңа материалдар технологиясы», «Деректер базасын басқару», «Авиациялық техника және технологиялар», «Машина жасау», «Өнеркәсіптік автоматтандыру» және т.б.», - деді БҒМ Халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.



Жалпы биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша басым мамандықтар тізімінде академиялық оқуға 92, тағылымдамадан өтуге 158 мамандық қарастырылған.


Еңбек нарығының үрдістерін талдау негізінде осы жылы тізілімге инновациялар, жаңа технологиялар, медицина және өнеркәсіптік инженерия, жаратылыстану ғылымдары саласындағы 40 жаңа мамандық енгізілді. Сонымен қатар олардың 17-сі атауларын кеңейту арқылы бұрыннан бар мамандықтарға енді. Жалпы, басым мамандықтар тізімі техникалық мамандықтармен 30%-ке кеңейтілді.


«Болашақ» халықаралық стипендиясына конкурстық іріктеу 3 кезеңнен тұрады: кешенді тестілеу, Тәуелсіз сарапшылық комиссиясы мүшелерімен жеке әңгімелесу және шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында құжаттарды қарау.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#болашақ #Стипендия #БҒМ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика