ffin.kz

Болашақ полицейлерді Алматы ІІМ Академиясына түсуге шақырады

Болашақ полицейлерді Алматы ІІМ Академиясына түсуге шақырады Сурет: Өңірлік коммунакациялар орталығы

Академия «Құқық қорғау қызметі»; «Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету», «ІІБ қызметін криминалистикалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық жүйелер» бағыттары бойынша мамандар даярлайды.


 Алматылық жастарды болашақ заң қорғаушылар қатарына қосылуға шақырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


ӨКҚ алаңында ҚР ІІМ Алматы академиясы басшысының орынбасары Ержан Бимолдановтың қатысуымен брифинг өтті, ол оқуға түсу кезіндегі негізгі талаптар туралы айтып берді.



«Біздің оқу орнымыз бірнеше бағыттар бойынша мамандарды даярлауға маманданған: жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ететін бөлімшелер үшін, ІІБ қызметін IT-криминалистикалық қамтамасыз ету, сондай-ақ, техникалық бағыт - ақпараттық жүйелер бағыттары бойынша мамандар даярлайды» - деді Е.Бимолданов.



Одан ары спикер академияда оқудың негізгі артықшылықтарын атап өтті:


- мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуға қабылдау және оқыту. Жайлы жатақханада тұру, заманауи техникамен жабдықталған заманауи аудиторияларда оқу, стипендия алу, тамақпен, заттай қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету, тегін спорт секциялары (тренажер және күрес залдары, сондай-ақ олимпиадалық стандарттарға сәйкес келетін бокс рингі), тұрғылықты жеріне тегін жол жүру (пойызбен) және кері қайту;


- күндізгі оқу нысаны бойынша оқу мерзімі мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі;


- толық оқу курсын бітірген әрбір түлек 100% жұмысқа орналасады;


- оқуды аяқтағаннан кейін түлектерге «Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавры» және «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бакалавр» біліктілігі берілген мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі, сондай-ақ «полиция лейтенанты» арнайы атағы беріледі.


Бакалавриат бағдарламалары бойынша Алматы академиясына оқуға орта білімі бар, он алты жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Ол үшін:


- ақпан-мамыр айлары аралығында тұрғылықты жері бойынша полиция бөліміне хабарласыңыз немесе Алматы академиясының https://apa.gov.kz / сайтына кіріп, тікелей теру сілтемесі бойынша тиісті құжаттарды рәсімдеу қажет.


- Оқуға түсетін жылдың 28 сәуірінен 14 мамырына дейін Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) тапсыру үшін өтініш беру. ҰБТ 16 мамыр мен 05 шілде аралығында өтеді.


Бұдан басқа, «Құқық қорғау қызметі», «Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету», «ІІБ қызметін IT-криминалистикалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсушілер үшін кез келген вариацияда (шығармашылық емтиханнан басқа) екі бейіндік пәнді таңдауға болады.


«Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін екі бейіндік пән таңдалуы тиіс: «Математика» және «Физика».


Конкурсқа қатысу үшін кемінде 50 ұпай, оның ішінде әрбір пән бойынша кемінде 3 ұпай жинау қажет.



«ҰБТ, медициналық куәландырудан сәтті өткен адамдар медициналық және физикалық көрсеткіштердің нәтижелерін ескере отырып, ҰБТ ұпайына сәйкес конкурсқа қатысу үшін ІІМ Алматы академиясына шақырылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қатарында мерзімді әскери қызмет өткерген, кандидаттар үшін белгіленген талаптар бойынша шекті балл деңгейін жинаған, ҰБТ нәтижелері бойынша 100 және одан жоғары балл жинаған адамдар, спорт шеберлері, орындау кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің балалары конкурстан тыс қабылданады», - деп толықтырды Е.Бимолданов.



Оқуға түсу туралы толық ақпаратты ІІМ Алматы академиясының сайтынан немесе +7-705-755-25-77 (WhatsApp), +7-775-930-55-88 (WhatsApp) телефондары арқылы білуге болады.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58