конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «Болашақ» халықаралық стипендиясы 199 қазақстандық...

«Болашақ» халықаралық стипендиясы 199 қазақстандыққа берілді

Білім және ғылым 12.07.2022, 12:31 1,402 Almaty-akshamy
«Болашақ» халықаралық стипендиясы 199 қазақстандыққа берілді
сурет: Inform.kz

Инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға баса мән берілді 


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия шешімімен «Болашақ» халықаралық стипендиясы 199 қазақстандыққа берілді. Олар магистратура мен докторантурада оқитын болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау жөніндегі тапсырмасына сәйкес инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға баса мән берілді. Егер өткен жылы инженерлік-техникалық мамандықтарға 36% стипендия бөлінсе, биыл 60% бөлінді. Сонымен қатар, медициналық бағыттағы академиялық бағдарламаларға үміткерлердің қолжетімділігін және қызығушылығын арттыру мақсатында Республикалық комиссия медицина қызметкерлерін академиялық оқыту үшін жеке санат бөлу туралы шешім қабылдады. Жалпы, биыл магистратура мен резидентурада оқуға 385 стипендия, докторантура бағдарламалары бойынша 60 стипендия бөлінді. Осы жылдың соңына дейін Республикалық комиссияның тағы екі отырысы өтеді. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау биылғы 30 мамырда басталды және 14 қазанға дейін созылады. Тағылымдамадан өту үшін құжат қабылдау 2022 жылғы 5 қыркүйекте басталып, 14 қазанға дейін созылады. Жиын қорытындысы бойынша Ерлан Қарин бірқатар нақты тапсырма берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#болашақ #Стипендия #студенттер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында цифрлық активтер индустриясын ынталандыру және дамыту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

Кеше 18:53

Алматыда ECO CLUB MEDEU жастар экологиялық қауымдастығының тұсаукесері өтіп, бизнес өкілдері қалдықтарды қайта өңдеуге белсенді қатысуға шақырылды

Кеше 18:50

Алматыда «Жастар қатысатын бюджет» жобасы іске қосылады: үздік бастамаларға мемлекеттік қолдау көрсетіледі

Кеше 18:34

Алматы Еуропа аудиториясына Viajar журналында таныстырылды

Кеше 18:31

Алматыда ашық аспан астындағы йога мен стретчинг: қалалық тегін жоба жалғасуда

Кеше 18:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);