AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «Болашақ» бойынша оқуға болатын мамандықтар тізімі...

«Болашақ» бойынша оқуға болатын мамандықтар тізімі кеңейтілді

Білім және ғылым 08.10.2021, 07:29 1,611
«Болашақ» бойынша оқуға болатын мамандықтар тізімі кеңейтілді
Сурет: Massaget.kz

Ғалымдар үшін «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік тағылымдамадан өтуге арналған мамандықтар тізіміне тағы 18 мамандық енгізілді


Енді олар «Биология, молекулалық биология», «Ветеринария», «Компьютерлік лингвистика», «Ауыл шаруашылығы», «Құрылыс», «Жобалау», «Шахта құрылысы», «Физика», «Байланыс және ақпарат тарату жүйесі», «Радиотехнология», «Механика», «Статистика», «Есептеу технологиясы», «Антропология», «Орман ресурстарын қорғау», «Вакцинология», «Математика» бағыттары бойынша мемлекет есебінен әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өте алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Айта кетейік, 8 мамандық қолданыстағы аралас мамандықтарға енгізіліп, тағы 10-ы жаңа мамандық ретінде қосылды.


Қазақстандық ғалымдар Гарвард университеті, Сорбонна университеті, Колумбия университеті, Йель университеті, Гонконг ғылым және технология университеті мен басқа да шетелдік жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өте алады.


Осылайша, 2021 жылы қазақстандықтардың 147 мамандық бойынша тағылымдамадан өту мүмкіндігі бар, оның ішінде инновация және жаңа технологиялар бағыты бойынша 14, индустриялық инженерия бағыты – 28, жаратылыстану ғылымдары – 9, әлеуметтік ғылымдар – 40, «Білім беру» бағыты – 9, «Медицина» бағыты – 37 және «Креативті индустрия» бағыты бойынша 13 мамандық бар.


Естеріңізге сала кетейік, биыл «Ғалымдар» жаңа санаты бойынша 500 стипендия бөлінді. Стипендиялардың жалпы саны 1055-ке дейін өсті. Оның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, спорт саласының қызметкерлері, педагогтер, мемлекеттік қызметкерлер, инженер-техниктер үшін 5 санат бойынша тағылымдамадан өтуге 110 грант бөлінді.


Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2021 жылғы 28 қазанға дейін жалғасады.


Бағдарламаның операторы — ҚР БҒМ Халықаралық бағдарламалар орталығы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#болашақ #Тізім #шетелдік тағылымдама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);