AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «Болашақ» бағдарламасындағы үш өзгеріс

«Болашақ» бағдарламасындағы үш өзгеріс

Білім және ғылым 24.04.2023, 14:57 1,723
«Болашақ» бағдарламасындағы үш өзгеріс
Сурет: Baribar.kz

Халықаралық олимпиада жүлдегерлері «Болашақ» стипендиясын енді автоматты түрде алады. 


Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек кезекті берген сұхбаттарының бірінде «Болашақ» бағдарламасына қатысты үш негізгі өзгерісті атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.


Бірінші кезекте, Қазақстан «Болашақ» бағдарламасымен қайтадан бакалавр мамандарын дайындайды. «Болашақ» бағдарламасынан бұл функция 12 жыл бұрын алынып тасталған еді. Қазір тек магистрлер дайындалады.



«Қазір «Назарбаев мектебінің түлегі әлемнің 26 жоғары оқу орнына түсті» не «Білім-Инновация мектебінің түлегі 17 оқу орнынан шақыру алды» дегендей жаңалықтарды жиі естиміз. Әлемде дарынды балаларды тартуда бәсеке басталды. Біздің мұндай таланттарымызды шетел алып кетіп жатыр. Мұны болдырмас үшін халықаралық олимпиада, сайыстардың жүлделі орын иелеріне «Болашақ» стипендиясын автоматты түрде беруді көздеп отырмыз. Алсын, оқып қайтсын. Есесіне, оларда елге келіп, алған білімін жұмыспен өтеу жөнінде міндеттеме болады», - деді министр.



Екінші өзгеріс – «Болашақ» бағдарламасы жұмыс берушілермен тікелей ұштастырылады. Жұмыс беруші компания қажет кадрларды дайындауға тапсырыс береді, сәйкесінше кейін оларға жауапкершілік те жұмыс берушіге жүктеледі.



«Бұрын бағдарламаға кез келген үміткер қатыса алатын болса, енді тапсырысты компаниялар береді. Айталық, «Қазатомөнеркәсіп» ядролық энергетика бойынша өзіне қажет мамандар тізімін береді. Біз тапсырысты қабылдап, оларды оқытуға лайық әлемдегі үздік оқу орындарын, зертханаларын тауып, оқытамыз да «Қазатомөнеркәсіпке» қайтарып береміз. Сол мамандарға жауапты «Қазатомөнеркәсіп» болады», - деді Саясат Нұрбек.



Үшінші өзгеріс – алдағы уақытта жалпы грант санының 60 пайызы техникалық мамандықтарға беріледі.



«Медицина, техника және тағы басқа ең қажет деген салаларға маман дайындауға мән береміз. Бізде «Болашақпен» білім алып, оның әлеуетін дұрыс пайдаланбай жүргендер негізінен гуманитарлық сала мамандары. Олардың саны шектеледі», - деп түйіндеді ол.



Сондай-ақ министр енді грант саны шектеліп, сапаға мән берілетінін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#болашақ #үш өзгеріс #министр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алғашқы түнгі Almaty Glow Ride велошеруі өтеді

Бүгін 13:12

Қазақстандықтардың автонесиеге қызығушылығы төмендеді

Бүгін 12:15

Алматы Euronews эфирінде: халықаралық аудиторияға шаһардың туристік келбеті таныстырылды

Бүгін 12:12

Алматы GITF 2026 көрмесінде үздік мәдени туристік бағыт атанды

Бүгін 11:31

Алматыдағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында ЛОР-хирургияның жаңа бағыты іске қосылды

Бүгін 11:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);