AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «Болашақ» бағдарламасымен тағылымдамадан өтетіндер...

«Болашақ» бағдарламасымен тағылымдамадан өтетіндерге талап өзгерді

Білім және ғылым 18.01.2023, 05:45 1,308
«Болашақ» бағдарламасымен тағылымдамадан өтетіндерге талап өзгерді
Сурет: Іnbusiness.kz

Тағылымдама бағдарламасына 110 «Болашақ» стипендиясы бөлінді.


«Болашақ» бағдарламасымен тағылымдамадан өтетін қызметкерлердің санаттары бекітілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.


2023 жылы денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлері, мектеп, колледж педагогтері, инженер-техниктер, мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері үшін тағылымдама бағдарламасына 110 «Болашақ» стипендиясы бөлінді.



«Биыл тағылымдамадан өтушілерге қойылатын талаптар күшейтілді. Енді олар конкурсқа қатысу үшін шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы сертификат ұсынады. Бұл «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсын жетілдіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар үміткерлердің жалпы жұмыс өтілі үш жылдан кем болмауы керек. Соңғы 12 айда таңдаған мамандығы бойынша жұмыс істеуге тиіс. Сондай-ақ қабылдаушы шетелдік ұйымнан шақыру және кемінде В1 деңгейіндегі мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы сертификат талап етіледі», - деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Ләззат Әділова.



Осы жылы «Болашақ» бағдарламасының басым мамандықтар тізімі тағылымдамадан өтуге арналған 162 мамандықты көздейді. 2023 жылы тізімге «Бұлтты сервистер», «Ғарыш жүйелері мен инженерия», «Гидрогеология», «Прецизионды медицина», «Тестология» және т.б. сұранысқа ие мамандықтар енгізілді.


Айта кетейік, «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелге тағылымдамаға жіберілетін стипендиаттар кепілге мүлік қоймайды. Міндеттемелерді орындау үшін екі гарант ұсыну ғана жеткілікті. Соңғы 12 айда тұрақты табысы бар, жасы 50-ге толмаған ҚР азаматы үміткерге гарант бола алады.


Өтінімдер Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады. «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға құжаттарды келесі сілтеме арқылы тапсыруға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#болашақ #тағылымдама #Талап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Салық қарызы бар азаматтар шетелге шыға алмайды

Бүгін 11:15

23 мамырға арналған ауа райы болжамы

Бүгін 10:05

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);