AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Бокстан Бразилиядағы әлем кубогына шолу

Бокстан Бразилиядағы әлем кубогына шолу

Спорт 16.04.2026, 18:48 487
Бокстан Бразилиядағы әлем кубогына шолу
Спортты дамыту дирекциясы

2026 жылғы алғашқы әлем бокс кубогының кезеңіне Қазақстан құрамасынан 16 боксшы қатысады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бәсеке 2026 жылдың 20–26 сәуірі аралығында 50-ден астам елден 400-ге жуық боксшының қатысуымен Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтеді.

Бразилия өз тарихында екінші мәрте әлем кубогының кезеңін ұйымдастыруға мүмкіндік алды. 2025 жылғы жарыста жерлестеріміз 3 алтын, 3 қола жүлде иеленген еді. Олардың арасынан Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі), Дәулет Төлемісов (85 келі) және Жазира Орақбаева (51 келі) чемпион атанды.

Биылғы жарысқа төмендегідей боксшылар қатысады:

Ерлер:

50 келі. Даниял Сәбит (дебют)

55 келі. Бағлан Кенжебек (дебют)

60 келі. Жансері Көшербаев (дебют)

65 келі. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (дебют)

70 келі. Фарух Тоқтасынов (дебют)

75 келі. Санжарәли Бегалиев

80 келі. Диас Молжігітов (Бразилиядағы әлем кубогының қола жүлдегері)

85 келі. Сұлтанбек Айбарұлы (Үндістандағы әлем кубогының жеңімпазы)

90 келі. Дәулет Төлемісов (Бразилиядағы әлем кубогының жеңімпазы)

Былтырғы Бразилияға барған құраммен салыстырсақ, тек Диас Молжігітов (80 келі) мен Дәулет Төлемісов (90 келі) сақталған. Құрамадағы басты ерекшеліктің бірі – жастар арасында әлем чемпионы Санжарәли Бегалиев пен Мұхаммедсабыр Базарбайұлының төменгі салмаққа ауысқанын айтуға болады. 60 келіде Жансерік Көшербаев та ересектер арасында өзін алғаш рет көрсетуге мүмкіндік алмақ. «Странджа» турнирінде жақсы қырынан көрінген Бағлан Кенжебекке (55 келі) әлем кубогында тағы сенім артылмақ.

Әйелдер:

51 келі. Алуа Балқыбекова (Астанадағы әлем кубогының күміс жүлдегері)

54 келі. Назым Қызайбай (Астанадағы әлем кубогының жеңімпазы)

60 келі. Виктория Графеева (Астанадағы әлем кубогының жеңімпазы)

65 келі. Аида Әбікеева (Астанадағы әлем кубогының қола жүлдегері)

70 келі. Наталья Богданова (Астанадағы әлем кубогының жеңімпазы)

80 келі. Жібек Жарасқызы (дебют)

+80 келі. Валерия Аксенова (дебют)

2025 жылғы Ливерпульдегі жетістіктерімізден кейін аруларымыздың көпшілігі енді ғана ресми жарысқа оралмақ. Бұл тізімде 4 бірдей (Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Аида Әбікеева, Наталья Богданова) әлем чемпионы бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кубок
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Король Филипп және Патшайым Матильда Ректорлар форумына қатысты

Кеше 20:00

Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады

Кеше 19:30

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысына қатысты

Кеше 19:00

Биылғы 9 айда экономиканың өсімі 4,2%-ды құрады: Үкіметте әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды

Кеше 17:45

Алматының кейбір аудандарында көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылуы мүмкін

Кеше 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);