AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Бокстан ӘЧ: Бүгін үш боксшымыз бақ сынайды

Бокстан ӘЧ: Бүгін үш боксшымыз бақ сынайды

Спорт 05.05.2023, 02:45 1,930 Almaty-akshamy
Бокстан ӘЧ: Бүгін үш боксшымыз бақ сынайды
Сурет: Ашық дереккөз

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының бесінші жарыс күні, 5 мамырда ел құрамасынан үш боксшы рингке шығады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Елорда уақытымен 14:00-де басталатын күндізгі сессияда Серік Теміржанов (57 келі) 1/16 финалда Мали елінен келген Абдул Карим Батилимен кездеседі.


Бұл А рингінде сол күні өтетін алғашқы жекпе-жек болып табылады.


Ал 19:00-де басталатын кешкі сессияда Нұрбек Оралбай (80 келі) турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде әзербайжандық Мұрад Аллахвердиевпен А рингінде алтыншы жұпта қолғап түйістіреді.


Аталған рингте тоғызыншы жұпта Айбек Оралбай (92 келі) әлем чемпионатындағы екінші жекпе-жегінде италиялық Азиз Аббес Мухийдинмен кездеседі.


Ол алғашқы жекпе-жегінде болгариялық Радослав Панталеевті жеңген еді.


Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасынан Талғат Сырымбетов (60 келі) пен Санатәли Төлтаев (63,5 келі) жарыс жолынан шығып қалды.


Еске салсақ, 4 мамырда Қазақстан құрамасынан Санатали Төлтаев (63,5 келі) Маврикийден келген Колину Ришарноға есе жіберсе, одан кейін Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) ресейлік Алексей Дроновтан басым түсті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бокс #ӘЧ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда заңсыз салынған нысандарды бұзу жұмыстары жалғасуда

Бүгін 15:14

ДСМ тегін дәрілер тізімін жаңартты

Бүгін 15:10

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекеттік деректердің бірыңғай жүйесі болмаса, жасанды интеллектіден пайда жоқ»

Бүгін 14:19

Президент Үкіметке цифрлық экономиканың ІЖӨ-ге әсерін бағалау бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды

Бүгін 14:08

Алматыда Тоқаевтың төрағалығымен ЖИ дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті

Бүгін 14:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);