AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Боксшы Фируза Шәріпова ирландық қарсыласынан жеңіл...

Боксшы Фируза Шәріпова ирландық қарсыласынан жеңіліп қалды

Спорт 12.12.2021, 04:40 1,307 Almaty-akshamy
Боксшы Фируза Шәріпова ирландық қарсыласынан жеңіліп қалды
Cурет: Inform.kz

Фируза абсолют чемпионға он раунд бойы азулы қарсылық көрсете білді


Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова қарсыласынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Sports.kz ресурсының мәліметінше,  Фируза Шәріпова мен ирландық Кэти Тейлор арасындағы жекпе-жек бүгін Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен.


Жеңіл салмақтағы титулдық кездесу он раундтқа шақталған, ал жеңген адам Тейлордың WBC, WBO, WBA, IBF секілді әлем чемпионы титулдарын иеленуге тиіс еді.


Бұл айқас әділқазының бірауыздан шешімі бойынша Тейлордың жеңісімен аяқталды.


Дегенмен Фируза абсолют чемпионға он раунд бойы азулы қарсылық көрсете білді. Тек алтыншы раундта ғана рефери оның бір ұпайын алып қойды.
Осылайша Кэти Тейлор өзінің кәсіби спорт жолындағы жиырмасыншы жеңісіне қол жеткізіп, бүкіл титулдарын, жеңіл салмақтағы абсолют әлем чемпионы атағын қорғап қалды.


Фируза Шәріпова кәсіпқой бокста екінші рет жеңіліс тапты.


Айта кетейік, қазақстандық боксшы 2016 жылдан бері бір де бір мәрте жеңілген жоқ еді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #бокс #Фируза
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алаяқтардың басты қаруы – адамның сенімі»: интернеттегі қауіптен қалай қорғанамыз?

Кеше 17:19

10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары

Кеше 17:10

Алматыда Масанчи көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 16:14

Интернеттегі алаяқтық: бір сілтеме бүкіл ақшаңыздан айыруы мүмкін

Кеше 15:18

«Таза Қазақстан» түркі әлемінің жастарын біріктіреді: Алматыда халықаралық кемпингтің екінші күні өтті

Кеше 14:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);