Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Биылғы 10 айда сібір жарасының жиілігі екі есе төм...

Биылғы 10 айда сібір жарасының жиілігі екі есе төмендеді

Медицина 05.11.2024, 08:19 1,034
Биылғы 10 айда сібір жарасының жиілігі екі есе төмендеді
Сурет: Gov.kz

Қазақстанда 2024 жылдың соңғы 10 айында сібір жарасымен сырқаттанушылық өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе төмендеді.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Ағымдағы жылы барлығы 17 жағдай тіркелді.

Сібір жарасы - бұл ауыл шаруашылығы жануарларына және жабайы аңдарға, сондай-ақ адамдарға әсер ететін аса қауіпті инфекциялық ауру. Ауру көбінесе ауыр ағыммен өтеді және өлімге әкелуі мүмкін. Ол септикалық, ішек және өкпе түрін қоса алғанда, тері немесе жалпыланған түрде өтеді. Сібір жарасының қоздырғышы - топырақта жылдар бойы сақталатын сібір жарасы микробы. Инфекция ауру жануарлармен, олардың етімен және мал өнімдерімен, сондай-ақ топырақ арқылы байланыс болған кезде туындайды.

«Аурудың инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан 14 күнге дейін, бірақ көбінесе симптомдар инфекциядан кейін 3-6 күннен кейін пайда болады. Оларға жалпы әлсіздік, жоғары температура, лимфа түйіндерінің ісінуі және жүрек соғуының жоғарылауы жатады. Адам сібір жарасы ауруымен ауыратын жануарлардан жұқтыруы мүмкін, оларға ірі қара мал, жылқы, есек, қой, ешкі, бұғы, түйе жатады», - деп хабарлады Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы.

Инфекция жануарларға күтім жасау, сою, етті өңдеу кезінде, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерімен - тері, мех бұйымдары, жүн, қылшықтармен жұмыс істеген кезде болуы мүмкін. Бұл жағдайда споралар жылдар бойы, соның ішінде топырақта да сақталуы мүмкін. Жермен байланыс арқылы споралар терідегі микрожарақаттарға түседі, бұл сібір жарасының тері түрінің дамуына әкеледі.

«Тері түрі сібір жарасының барлық жағдайларының басым көпшілігін (98-99 %) құрайды. Аурудың карбункулозды түрі жиі кездеседі, оның айналасында қызыл түсті айқын қабынған шеңбер түріндегі қара, ауыртпалықсыз тығыз қотыр пайда болады. Сібір жарасының алдын алу үшін жеке ауыл шаруашылығы малы бар адамдар жеке гигиена шараларын сақтауы, жануарларды вакцинациялауы, ветеринариялық куәландырусыз ауру (өлген) жануарларды өз бетінше союды ұйымдастырмауы қажет», - деп ҰҚДСО-да ұсынымдар берді.

Ет және ет өнімдерін санитариялық-ветеринариялық бақылау жоқ белгісіз жерлерде сауда жасайтын жеке тұлғалардан сатып алуға болмайды. Базарларда ет сатып алу кезінде өнімнің қауіпсіздігін растайтын «ветеринариялық қорытынды» талап етілуі керек. Мал шаруашылығы шикізатын өңдеумен, тасымалдаумен және сатумен айналысатын жұмысшылар жеке гигиена және алдын алу шараларын сақтауы қажет.
Бұл қауіпті инфекцияның алдын алудың маңызды шарасы - жануарларды вакцинациялау.

Ет комбинаттарының қызметкерлеріне, ветеринариялық қызметкерлерге, сібір жарасының қоздырғышымен жұмыс істейтін зертханалардың қызметкерлеріне вакцинамен профилактикалық егулер алу қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#cібір жарасы #жиілік #төмендеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика