AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Биыл мұнайға деген сұраныс рекордтық деңгейге жете...

Биыл мұнайға деген сұраныс рекордтық деңгейге жетеді - болжам

Әлем 19.01.2023, 09:26 1,671
Биыл мұнайға деген сұраныс рекордтық деңгейге жетеді - болжам
Сурет: Aa.com.tr

Халықаралық энергетика агенттігі (ХЭА) мұнайға әлемдік сұраныс 2023 жылы тәулігіне 1,9 млн баррельге өсіп, тәулігіне 101,7 млн баррельге жетеді деп болжап отыр.


Бұл туралы Almaty-akshamy.kz  ҚазАқпарат сайтына  сілтеме жасап хабарлайды.



«Қытай коронавирус шектеулерін жойылғаннан кейін, мұнайға сұраныстың жартысына жуығын қамтамасыз етпек. Бұл ретте 2023 жылы әлемде мұнайға сұраныс өсуінің негізгі көзі авиациялық отын болады, оған сұраныс тәулігіне 840 мың баррельге артады, -  делінген ХЭА есебінде.



Агенттік сондай-ақ 2023 жылы әлемдік мұнай жеткізілімінің өсімі тәулігіне 1 млн баррельге дейін баяулайды деп болжап отыр.


Алдыңғы жылы бұл көрсеткіш 4,7 млн баррельге артқан болатын. ОПЕК + құрамына кірмейтін елдер биыл мұнай ұсынысын тәулігіне 1,9 млн баррельге ұлғайтады, ал ОПЕК+ елдерінің ұсынысы Ресейде өндірістің төмендеуіне байланысты тәулігіне 870 мың баррельге қысқарады. ХЭА мәліметінше, биыл жеткізілім өсімі бойынша АҚШ көш бастап отыр, одан кейін екінші жыл қатарынан «қара алтын» өндірісінің жылдық рекордын орнатқан Канада мен Бразилия тұр. Баяндамада әлемдік бақыланатын мұнай қоры қараша айында 79,1 миллион баррельге өсіп, 2021 жылдың қазан айынан бергі ең жоғары деңгейге жеткені атап өтілді.


Алайда, 2023 жылдың басында мұнай қорының балансы батыстың Ресей экспортына санкцияларының ықпалынан тез нашарлауы мүмкін. Тауар нарығы, әсіресе дизель отыны мұнайға деген сұраныстың өсуіне байланысты ең үлкен қауіп-қатерге ұшырамақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мұнай #Сұраныс #рекордты көрсеткіш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық Банк «ALTYN ORDA» коллекциялық монетасын таныстырды

Бүгін 09:39

Алматы әкімі заңсыз сауда нысандарына қатысты қатаң шара қабылдауды тапсырды

Бүгін 09:04

Сәрсенбі күні ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:30

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

Кеше 19:33

Дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті күшейту

Кеше 19:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);