Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл инфляцияны екі есеге дейін төмендету міндеті...

Биыл инфляцияны екі есеге дейін төмендету міндеті тұр – Үкімет басшысы

Әлеумет 19.04.2023, 11:06 1,001
Биыл инфляцияны екі есеге дейін төмендету міндеті тұр – Үкімет басшысы
Сурет: ашық дереккөз

Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен іс-шаралары Қазақстанда инфляция қарқынын баяулатуға мүмкіндік берді. Бұл туралы елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 






Премьер-Министр бағаны тұрақтандыру Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың аса маңызды міндеттерінің бірі екенін баса айтты. Осыған байланысты Үкімет пен Ұлттық банк бірлесіп инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін іске асырып жатыр.



«Нәтижесінде, биылғы наурыз айында жылдық инфляция 18,1%-ға дейін баяулады. Кейінгі 4 аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша инфляция тіркелген жоқ. Біздің алдымызда биыл инфляцияны 2 есеге дейін төмендету міндеті тұр», – деді Әлихан Смайылов.



Оның айтуынша, республикада Халықтың табысын арттыру бағдарламасы іске асырылып жатыр. Осы іс-шаралар аясында биыл 3 млн-нан астам адамның жалақысы өсті.



«Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері уақтылы және толық көлемде орындалып келеді. Атап айтқанда, биылдан бастап 4,4 млн адамды жоғарылатылған әлеуметтік төлемдермен қамтуға 4,6 трлн теңге бөлінді», – деді Премьер-Министр.



Үкімет басшысы ұлттық жобаларды іске асыру, жаңа өндірістер ашу, шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру есебінен 1 млн-ға жуық адам жұмыспен қамтылатынын айтты.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#инфляция #төмендету #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы қолайсыз

Бүгін 08:40

Тоқаев: 15 наурыз - Конституция күні болып белгіленеді

Бүгін 02:19

Жас та, кәрі де, мәдениет пен спорт жұлдыздары, батырлар, суперқаһармандар және қарапайым қала тұрғындары: Алматыда референдум қалай өтті?

Бүгін 00:44

Жаңа Конституцияға қатысты референдум: экзитпол нәтижесі жарияланды

Бүгін 00:24

Алматы тарихи күнді қорытындылады: Конституцияға қатысты референдум қалай өтті?

Бүгін 00:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика