AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл Алматыда студенттерге арналған 10 жатақхана а...

Биыл Алматыда студенттерге арналған 10 жатақхана ашылады

Әлеумет 26.05.2023, 17:00 1,211 Almaty-akshamy
Биыл Алматыда студенттерге арналған 10 жатақхана ашылады
Сурет: Almaty.tv

Жатақхана тапшылығы 55 мың орынды құрайды


Биыл Алматыда студенттерге арналған 10 жатақхана ашылады. Оның үшеуі жаңадан салынса, қалған жетеуі пайдалану мақсатын өзгерте алатын бизнес ғимараттар болады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Биыл жатақхана тапшылығы 55 мың орынды құрайды. Былтыр бұл көрсеткіш 87 мыңға жеткен еді. Білім алуға келген студенттердің тұратын жер таппай, сандалғаны да рас. Өз кезегінде министр Саясат Нұрбек білімгерлерге жағдай жасау үшін көптеген жұмыстар жүргізіліп жатүанын айтты. Сөзінше, студенті көп Алматыда нысандар салу және бизнес орталықтары мен қонақ үйлерді, хостелдерді жатақханаға айналдыру жобасы жүзеге асуда.  



– Министрліктің «Қаржы» орталығымен келісімі бойынша жатақхана салуға дайын құрылыс компанияларына 230 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтемақы төленеді. Нысанды қайта құрудың тағы бір схемасын қарастырып қойдық. Кәсіпкерлерге де жеке ғимараттарды студенттер үйі ретінде қолдануға берген тиімді. Оған да қаражат қарастырылған. Менің ойымша, бұл – орын тапшылығы мәселесін жылдам шешудің оңтайлы жолы, – деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек



Бүгінде Алматыдағы университеттерде жалпы 188 мыңнан астам студент бар. Соның 23 мыңы республиканың өзге өңірінен келген.



– Алматыдағы 35 жоғары оқу орнында жалпы 96 жатақхана бар. Қазір онда 30 мың студент тұрады. Мәліметке сүйенсек, төсек-орын тапшылығы 32 мыңды құрайды, – деді Жастар саясаты басқармасының басшысы Қайыржан Меңдіғалиев.



Алматыда жатақхана құрылысына қатысты жобалық кеңсе де құрылған. Онда кәсіпкерлер мен оқу орындарының қызметкерлері министрліктен немесе әкімдік өкілдерінен кеңес ала алады. Мамандардың ойынша, бұл бастамалар жатақхана тапшылығы мәселесін 2025 жылға дейін шешуге ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Студент #жатақхана #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);