AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Биыл 252 оқушы халықаралық олимпиадаларда медаль а...

Биыл 252 оқушы халықаралық олимпиадаларда медаль алды

Білім және ғылым 19.11.2022, 12:00 1,418 Almaty-akshamy
Биыл 252 оқушы халықаралық олимпиадаларда медаль алды
Сурет: Ашық дереккөз

Алтын медаль алған оқушы 1 500 АЕК, күміс медаль үшін 1 000 АЕК, қола медаль үшін 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы алады


Жыл басынан бері 252 қазақстандық оқушы негізгі пәндер бойынша халықаралық олимпиадаларда медаль жеңіп алды. Олар ел қоржынына 45 алтын, 78 күміс, 129 қола медаль әкелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Олар математикадан қашықтан өткен халықаралық Азия-Тынық мұхиты олимпиадасы, математикадан халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы, математикадан Балқан олимпиадасы, химиядан оқушылар арасындағы халықаралық Менделеев олимпиадасы, физикадан Азия олимпиадасы (APhO), мамандандырылған мектептердің оқушыларына арналған математика, физика және информатикадан Халықаралық Жәутіков олимпиадасы сияқты беделді құрлықтық олимпиадаларда Қазақстанның намысын қорғады.



«Осы жылы халықаралық пәндік олимпиадаларға қатысушылар саны 600 оқушыға дейін жетті. 27 оқушымыз өткен жылдардың рекордын жаңартып, ең беделді 7 халықаралық олимпиадада, атап айтқанда, IMO, IPhO, IBO, IOL, IchO және т.б. олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды. Оқушыларымыз осы олимпиадаларға қатысу тарихында алғаш рет 73 млн теңгеден астам сыйақы алды. Сондай-ақ оларға отандық жоғары оқу орындарында оқу үшін гранттар берілді. Келесі жылы балаларға осындай қолдау көрсетілетін олимпиадалар тізімі 7-ден 14-ке дейін артады», - деді Орта білім беру комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.



Алтын медаль алған оқушы 1 500 АЕК, күміс медаль үшін 1 000 АЕК, қола медаль үшін 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы алады. Сондай-ақ оқушыларды жарысқа дайындаған ұстаздар да біржолғы сыйақы алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#оқушы #олимпиада
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);