AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бірыңғай уақыт белдеуі: Адам түгіл әтештер әуреге...

Бірыңғай уақыт белдеуі: Адам түгіл әтештер әуреге түсіп жатыр

Әлеумет 07.09.2024, 11:06 1,582 Nursok82
Бірыңғай уақыт белдеуі: Адам түгіл әтештер әуреге түсіп жатыр
instagram Maksattolykbai

Бүгін бірқатар мәжіліс депутаты Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты мәлімдеме жасап, алдағы уақытта Мәжіліс қабырғасында тыңдау өткізетіндерін хабарлады. 

 

Мәжіліс депутаты Лұқбек Тұмашинов Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевке уақытты өзгерту мәселесінде қазақстандықтардың пікірі неге ескерілмеді деген сауалмен жүгінді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Сауда министрі сағат белдеуін қайтару мәселесі 2-3 жылдан кейін талқыланады деп жауап берді. Бірақ «Аманат» партиясының депутаттары күтуге дайын емес. Олар алдағы уақытта бұл мәселе бойынша Мәжілісте арнайы тыңдау өткізуді жоспарлап отыр.

Депутаттардың айтуынша, жазда өңірлерді аралау кезінде Шығыс Қазақстан, Абай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Жетісу облыстарында тұрғындардан ең көп қойылған сұрақ осы уақыт белдеуіне қатысты болған. 

"Мыңдаған халықтың арыз-шағымына қарай мәлімдеме жасап отырмыз. Бүгін осы мәселе бойынша Amanat фракциясының мәжілісін өткіздік. Тұрғындар бұрынғы уақыт белдеуін қайтарып беруді талап етіп отыр. Бұл белдеу батыс өңірлер, Қостанай, Қызылорда облыстары үшін қолайлы шығар, дегенмен шығыс үшін тиімсіз", – деді мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай. 

Әріптесінің сөзін Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев та қолдады. 

"Шығыс Қазақстанда 2.30-да таң атады. Адамдар сиырдың мөңіреген дауысынан оянады. Ал кешкі 5-6-ларда далада тас қараңғы. Екінші, үшінші ауысымда оқитын оқушылар қалай үйіне қайтады? Көшелерде жарық та жоқ. Жер үлкен болғандықтан, бір уақыт белдеуі алдын ала зерттелуі керек еді", – деген мәжіліс депутаты алда жоспарланып отырған тыңдауға үкімет мүшелері, ғалымдар, сала мамандары шақырылатынын айтып, қазақстандықтарды да өз ұсынысын беруге шақырды. 

Уақыт - үкіметтің де, мемлекеттің де меншігі емес! Үкіметтің бұл мәселе бойынша нақты шешім қабылдауына ықпал етеміз", – деп түйіндеді Мақсат Толықбай.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мәжіліс #уақытты өзгерту #Депутаттар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенбіде Қазақстанда жаңбыр мен аптап ыстық қатар болады

Бүгін 09:04

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Кеше 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Кеше 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Кеше 20:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);