Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Бірқатар мемлекеттің елшілері Қазақстан Президенті...

Бірқатар мемлекеттің елшілері Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Билік 06.10.2021, 15:33 1,165
Бірқатар мемлекеттің елшілері Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
akorda.kz
Ақорда резиденциясында 11 мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Сенім грамоталарын Біріккен Араб Әмірліктерінің елшісі Мухаммад Саид Әл-Арики, Швейцарияның елшісі Дэвид Грихтинг, Ирландия елшісі  Брайан Макэлдафф, Мексика елшісі Хосе Луис Мартинес Эрнандес, Жаңа Зеландия елшісі Сиалей Аллегра ван Тур, Албания елшісі Кастриот Робо, Гренада елшісі Олег Фирер, Мавритания елшісі Сид’Ахмед Әл Бекайе Хамади, Тунис елшісі Тарак Бен Салем, Норвегия елшісі Джон Микал Квистад және Никарагуа елшісі Альба Асусена Торрес Мехия тапсырды.



Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттарды еліміздегі миссияларының ресми басталуымен құттықтады.



– Сіздер Таяу Шығыс, Еуропа, Латын Америкасы, Кариб бассейні, Африка және Океания сияқты әлемнің әр бөлігінің өкілісіздер. Қазақстан халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды жақтайтын ел ретінде сіздердің мемлекеттеріңізбен арадағы достық байланыстарды екіжақты форматта да, көпжақты форматта да одан әрі нығайтуға дайын, – деді Президент.



Мемлекет басшысы дипломаттардың назарын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық тарихи кезеңіне аударды. Сондай-ақ қазіргі Қазақстанның кемеліне келген, қалыптасқан, ішкі жағдайы тұрақты, алуантүрлі ұлттар бірлігінің тиімді үлгісін көрсетіп отырған, сондай-ақ қарқынды экономикалық өсімі бар және теңгерімді сыртқы саясат ұстанатын сыйлы мемлекет екенін атап өтті.


Сонымен қатар Президент еліміздің қазіргі сын-қатерлерді, оның ішінде климаттың өзгеруінен туындаған қауіптерді еңсеру жөніндегі әдістеріне тоқталды. Оның пікірінше, алдағы уақытта Глазгода өтетін жаһандық конференцияда қабылданатын шешімдердің орындалуы аса маңызды болмақ. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қазақстанның көміртегіне бейтарап болуға қол жеткізу жөніндегі жоспарын еске салды.



– Осы айда біз Көміртегінен бейтарап дамудың 2060 жылға дейінгі тұжырымдамасын жүзеге асыруға кірісеміз. Жасыл экономиканы қаржыландыру және жасыл технологияға қолжетімділік аталған бастаманы іске асыруда маңызды рөл атқарады. БАӘ, Швейцария, Ирландия, Жаңа Зеландия және Норвегия мемлекеттерімен қатар сіздердің де елдеріңізбен ынтымақтастықты нығайтамыз деген үміттеміз, – деді Президент.




Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік және су қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығына мән берді.



– Қазақстан азық-түлік тасымалдаудың жаһандық жүйесіне белсенді атсалысады. Біз ауыл шаруашылығы секторын экологияландыруға және тұрақты дамытуға ниеттіміз. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын  құруға бастамашы болдық және қазіргі уақытта осы ұйымға төрағалық етіп отырмыз. Оның құрамына 1,5 миллиардқа жуық халқы бар 36 ел кіреді, – деді Президент.



Мемлекет басшысы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 2010 жылғы саммитінің Астана декларациясында айтылған қауіпсіздік жөніндегі ортақ әрі біртұтас еуроатлантикалық және еуразиялық қоғамдыстыққа бейіл екенін нақтылап, Албанияның 2020 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық қызметін тиімді атқарғанын айтты.


Президент қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері туралы айта келіп, Азияда қақтығыстарды болдырмау және бейбітшілікті сақтау еліміздің сыртқы саясатындағы басымдықтардың бірі екенін жеткізді. Бұл ретте, Мемлекет басшысы қауіпсіздік мәселелерін шешу жөніндегі ұжымдық тәсілдерді пысықтау үшін тиімді плафторма ретінде АӨСШК-нің рөлін атап өтті.


Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдайға да тоқталып, осы елдің жаңа билігін зорлық-зомбылықты, заңсыз есірткі тасымалын және бақылаусыз көші-қонды болдырмау жөніндегі міндеттерін орындауға шақырды.


Сонымен қатар Мемлекет басшысы елшілерге Қазақстанның Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі халықаралық күш-жігерге қосқан үлесі туралы айтты.



– Ауған халқына гуманитарлық көмек ретінде құны 2,5 миллион доллар болатын 5 мың тонна бидай ұнын жеткізу мәселесін пысықтап жатырмыз. Мұндай көмек аталған елге тұрақты түрде беріліп отырады, – деді Президент.



Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің соңында дипломаттарға табыс тілеп, олардың мемлекеттері мен үкіметтерінің басшыларына сәлемін жолдады.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #президент #елшілер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алатау-Ақпарат» пен «Қызылжар-Ақпарат» арасында меморандумға қол қойылды

Бүгін 18:16

Алматы мен Үндістан бизнес және инвестициялық байланысты күшейтпек

Бүгін 18:01

Алматыдағы Сәтбаев көшесі халықаралық стандарттарға сай жаңартылады

Бүгін 17:42

Алматылық спортшы Түркияда өткен халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Бүгін 17:32

Астанада Перизат Қайратқа тиесілі болған көлік аукционға қойылды

Бүгін 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика