Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бо...

«Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген өсиет бүгінгі қоғам үшін аса өзекті - сарапшы

Әлеумет 08.09.2025, 16:03 924
«Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген өсиет бүгінгі қоғам үшін аса өзекті - сарапшы
Сурет: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің баспасөз қызметі

Заңға құрмет – өркениетті қоғам айнасы

Бүгін Қазақстан Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында ел халқына кезекті жолдауын жариялады. 

Жолдауда айтылған маңызды тұстарға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің проректоры,заң ғылымдарының докторы, профессор Еркін Шажаұлы Дүсіпов ой қосты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі. 

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: "Заң және тәртіп – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры" деп атап өтті. Бұл сөз – тәуелсіздікті сақтап қалудың, елдік болмысымызды нығайтудың басты қағидасы. Шын мәнінде, құқық пен тәртіп бар жерде әділет салтанат құрады, қоғамның дамуына сенімді негіз қаланады.

Мемлекет басшысы кез келген заңсыздыққа мүлдем төзбеу қағидасын ұстану қажеттігін атап өтті. Бұл тек құзырлы органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Себебі құқықтық мәдениет әр азаматтың күнделікті өмірлік ұстанымынан басталады.

Заңға құрмет, әділдікке сенім – өркениетті қоғамның көрсеткіші. Дегенмен, Президент атап өткендей, қоғамдық орындарда орынсыз дауласу, балағат сөз айту, дөрекілік көрсету сынды жағымсыз әрекеттер әлі де кездесіп қалады. Бұл – тек тәртіп бұзу емес, сонымен бірге ұлттық мәдениетімізге көлеңке түсіретін, елдің беделіне нұқсан келтіретін құбылыс.

Ұлы Абайдың «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген өсиеті дәл бүгінгі қоғам үшін де аса өзекті.

Құқықтық сана – тәрбиеден басталады

"Заң ғылымдарының өкілі ретінде айтарым: құқық бұзушылыққа қарсы сана қалыптастыру тек жазалау шарасымен ғана шектелмейді. Ең алдымен, ол – тәрбие мен білімнің жемісі.

Жаңа Қазақстанның азаматы мемлекетшіл, отаншыл, әділетті қоғам құруға мүдделі болуы тиіс. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде болашақ педагогтерді даярлауда біз осы құндылықтарға ерекше мән береміз. Себебі ұстаз – қоғамға үлгі, жас ұрпақтың бойына тәртіп пен мәдениетті сіңіретін тұлға", - дейді Е.Дүсіпов. 

Патриотизм – тек тіл мен мәдениет емес

"Президент атап көрсеткендей, бүгінгі патриотизм ұғымының ауқымы кеңейіп келеді. Ол тек тіл мен мәдениетке құрметпен шектелмейді. Заңға бағыну, ортақ жауапкершілік, ел тыныштығын сақтау, әділдікке адал болу – патриотизмнің жаңа қырлары.

Құқық үстемдігі – Әділетті Қазақстанның басты іргетасы. Бұл іргетас мықты болса, мемлекетіміздің болашағы да берік болмақ. Сондықтан әрқайсымыз ел тыныштығын сақтауға, заң мен тәртіпті қадірлеуге үлес қосуымыз қажет", - деп түйіндеді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің проректоры,заң ғылымдарының докторы, профессор Еркін Шажаұлы Дүсіпов

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жолдау #пікір
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының 2026-2028 жылдарға арналған ірі жобалары: IT, автокөлік өндірісі және фармацевтика

Бүгін 17:40

Алматыдағы индустриялық аймақтардың толымдылық деңгейі 90%-дан асты — Олжас Смағұлов

Бүгін 17:35

Алматыда азық-түлік инфляциясы үш айда 3,1% болды

Бүгін 17:31

18 қазақстандық спортшы жасөспірімдер Олимпиадасына шақыртылды

Бүгін 17:12

Алматыда самокат жүргізушілеріне бақылау күшейтілді

Бүгін 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика