AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бір айда екі үшем: Алматы Перинаталдық орталығында...

Бір айда екі үшем: Алматы Перинаталдық орталығындағы сирек оқиға

Әлеумет Бүгін 14:17 56
Бір айда екі үшем: Алматы Перинаталдық орталығындағы сирек оқиға

Алматы қалалық Перинаталдық орталығында бір айдың ішінде екі үшем дүниеге келді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты.

14 тамызда 27 жастағы Алматы тұрғыны Мөлдір Советханова екі ұл мен бір қыз босанды. Бұл әйелдің табиғи жолмен болған екінші жүктілігі. Сәбилер жүктіліктің 32-аптасында кесарь тілігі арқылы дүниеге келді. Нәрестелерге Айхан, Айбын және Айза деп ат қойылды. Туған кездегі салмақтары 1800, 1480 және 1400 грамм болды.

Дәрігерлердің уақытылы көрсеткен медициналық көмегінің арқасында нәрестелердің жағдайы тұрақтандырылды. Олар жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде қажетті ем қабылдап, кейін жоғары тәуелді жаңа туған нәрестелер бөліміне ауыстырылды. Қазір сәбилер мамандардың тұрақты бақылауында. Үйде оларды әкесі Әлібек пен төрт жастағы ағасы Айқын асыға күтіп отыр. Үшемнің дүниеге келуімен отбасы көпбалалы атанып, төрт баланың ата-анасы болды.

Екінші үшемді 31 тамызда Рахат Бигелдиева дүниеге алып келді. Сәбилер де жүктіліктің 32-аптасында мерзімінен бұрын кесарь тілігі арқылы туған. Отбасында екі қыз және бір ұл дүниеге келді. Ата-анасы оларға Ахмет, Халима және Әмина деп ат қойды.

Ұл баланың туған кездегі салмағы 1998 грамм, ал қыздардың салмағы 1412 және 1347 грамм болды.

Қазіргі уақытта Рахат Бигелдиеваның сәбилері жаңа туған нәрестелердің жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде дәрігерлердің бақылауында. Олар қажетті медициналық көмек алып, инвазивті емес тыныс алу қолдауымен қамтамасыз етілген.

Жаңа туған нәрестелердің жансақтау және қарқынды терапия бөлімі дәрігерлерінің еңбегін атап өткен жөн. Мамандардың кәсібилігі, тәжірибесі және үйлесімді жұмысының арқасында шала туған сәбилер өмірінің алғашқы сәтінен бастап қажетті медициналық көмек алады.

Енді үшемдерге күш жинап, салмақ қосу қажет. Дәрігерлер балалардың жағдайын жіті бақылап, қажетті ем-дом мен күтімді қамтамасыз етіп жатыр. Бұл сәбилердің алдағы уақытта үйлеріне аман-есен оралуына мүмкіндік береді.

Үшемнің дүниеге келуі – кез келген отбасы үшін қуанышты оқиға. Ал бір медициналық мекемеде бір айдың ішінде екі үшемнің дүниеге келуі – сирек кездесетін жағдай.

2026 жылдың басынан бері Алматы қалалық Перинаталдық орталығында төрт үшем дүниеге келді. Алғашқы екі үшем қаңтар және ақпан айларында туған.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, шала туған балалардың шамамен 60%-ы Алматы қаласының Перинаталдық орталығында дүниеге келеді. Бұл медициналық мекеменің заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен және мамандандырылған бөлімдермен қамтамасыз етілуіне байланысты. Мұнда шала туған нәрестелерге күтім жасау бойынша мол тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар қызмет етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Үшем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Бүгін 15:52

Алматыда тағы 8 жастар денсаулық орталығын ашу жоспарланып отыр

Бүгін 15:50

Алматыда 4-13 қыркүйек аралығында Центральная және Талды көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 15:03

Алматыда кардиологтар мен МСАК мамандарының конгресі өтті

Бүгін 14:35

Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады

Бүгін 14:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);