AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Бионикалық протез нейронды жүйемен жұмыс істейді

Бионикалық протез нейронды жүйемен жұмыс істейді

Білім және ғылым 20.02.2025, 16:35 1,199
Бионикалық протез нейронды жүйемен жұмыс істейді
almaty-akshamy.kz

Елімізде жастардың ғылыми жұмыстарына баса көңіл бөлуде.

Соның бір нақты көрінісі – былтыр бір топ жас ғалымның «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын иеленуі. Сондай озық ойлы талапкер жастың бірі – «Нейронды жүйемен жұмыс істейтін бионикалық протез» ғылыми жобасының авторы Бірлік Майронұлы Сағитжанов. Бүгін біз жас зерттеушінің ғылыми жобасын оқырмандарымызға таныстырғанды жөн көрдік. 

«Бұл жобаның мақсаты – адам нейронды жүйемен толық интеграцияланатын ультразаманауи бионикалық протез жасау. Бұл жобада нейроинженерия, бионика мен материалтану салаларындағы соңғы жетістікті пайдалана келе, кең қозғалыс функциясын қалпына келтіріп қана қоймай, пайдаланушыларға қозғалысын дәл әрі табиғи басқаруға мүмкіндік беретін жетілдірілген протез әзірлеуді  көздегенмін», – деп мәлімдеді Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, магистр  Бірлік Сағитжанов.

Жобаның негізгі ерекшелігіне әр пайдаланушының жеке нейрондық үлгісіне бейімделетін адаптивті оқыту алгоритмі кіреді. Қолдану ыңғайлылығына, эстетика мен жайлылыққа басымдық беріліп, пайдаланушының жалпы тәжірибесін жақсарту көзделеді. 

«Қауіпсіздік пен сенімділік – жоба әзірлеудің негізгі аспектілері. Құрылғының түрлі жағдайда тұрақты жұмысын қамтамасыз етуде қорғаныс механизмін енгізуге ерекше көңіл бөлінеді. Жоба медициналық сертификат алуға бағытталған. Бұл жағдай протездің клиникалық қолдануға арналған қауіпсіздік стандартына сай келуін қамтамасыз етеді», – дейді PhD кандидаты Бірлік Майронұлы. 

Бүгінде протездің 3D коды сызылып, теориялық есептеу мен зерттеу  жүргізілуде. Қазақ ұлттық университетінде робототехникалық жүйелер мамандығында оқитын студенттер де зерттеу жүргізіп, басқа да нұсқалар талқылануда. Аталған нұсқалар 3D форматында Solid Works бағдарламасында зерттеліп, зерделенуде. 

«Қажет жабдықтарды сатып алу наурыз айына жоспарланған. Демек, біріншісі – теория, екіншіден – жабдық алу, одан кейінгісі  – құрастыру, практикалық жұмыстар. Жоба осылай рет-ретімен жүзеге асады. Содан кейін атқарылған жұмысқа есеп беріледі» дейді жас ғалым Бірлік.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#протез #нейрон #грант
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);