AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Білім және ғылым министрі "Болашақ" бағдарламасыны...

Білім және ғылым министрі "Болашақ" бағдарламасының түлектерімен кездесті

Білім және ғылым 06.05.2022, 08:36 2,036
Білім және ғылым министрі "Болашақ" бағдарламасының түлектерімен кездесті
Сурет: Egemen.kz

Бас педагог кездесуде "болашақтықтарды" қызықтырған түрлі сұраққа жауап берді.


Жиында назарға алатын қызықты ұсыныстар да айтылды. Кездесу туралы министр өзінің Telegram-дағы каналында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен жиында бағдарламаны одан әрі жетілдіру және қайта бағдарлау, қазіргі стипендиаттардың таңдауы көбірек болуы үшін елдердің географиясы мен университеттер санын кеңейту туралы айтты



«Сонымен қатар шетелдік үздік оқу орындарында білім алып, бүгінде отандастарына пайдасын тигізіп, ел дамуына маңызды үлес қосып жүрген түлектердің әңгімесін тыңдау да қызық болды. Мысалы, Диана Момбаева Канаданың жетекші жоғары оқу орындарының бірі Калгари университетінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып, кейін Қостанай облысындағы туған ауылы Комсомолға оралды. Ол қазір ауылдық мектепте тарих пәнінен сабақ береді. Сонымен бірге Диана балаларға ағылшын тілін де тегін үйретеді. Жас педагог Канададан алған білімінің арқасында ауылда тұруға және де ауылдастарының өмірін жақсарту мақсатында қайта оралуға болатынын балалардың өзіне қарап, түсінгенін қалайтынын айтты», - деп жазды министр.



Ал кездесуге қатысқан тағы бір «Болашақ» түлегі, мамморадиолог дәрігер Данара Сүлейменова Ұлыбритания университетінде білім алып, кейін «Болашақ» бағдарламасы аясында АҚШ университетінде тағылымдамадан өткен. Дәрігердің айтуынша, ол қазір сүт бездерінің сәулелік диагностикасының әртүрлі әдістерін – УДЗ, маммография, МРТ-ны меңгерген және қажет болған жағдайда тиісті диагностикалық манипуляцияны тағайындап, орындайды.



Бүгінде қазақстандық мектептерде «Болашақтың» арқасында әлемнің жетекші университеттерінде білім алған 800-ден астам мұғалім оқушыларды оқытып жатыр. 600-ден астам дәрігер жыл сайын отандастарымыздың өмірі мен денсаулығын сақтап қалу үшін он мыңдаған ота жасайды.




«Әрине, «Болашақ» бағдарламасы арқылы білім алған педагогтердің, дәрігерлердің және басқа да түрлі мамандық өкілдерінің еңбегі қоғамымыз бен елімізге маңызды әрі қажет. Біз «Болашақ» бағдарламасын жетілдіруді жалғастырамыз», - деді Асхат Аймағамбетов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#педагог #кездесу #болашақ #түлектер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);