AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Бес елден келген 765 киберспортшы: «Қазақтелеком»...

Бес елден келген 765 киберспортшы: «Қазақтелеком» АҚ Орталық Азиядағы ең ірі турнирге қолдау көрсетті

Спорт 06.07.2026, 16:06 331
Бес елден келген 765 киберспортшы: «Қазақтелеком» АҚ Орталық Азиядағы ең ірі турнирге қолдау көрсетті

2026 жылдың 5 шілдесінде Көкшетау қаласындағы Kokshe Arena спорт кешенінде Akmola International Esports Cup 2026 халықаралық киберспорт турнирінің LAN-финалы өтті. Іс-шараның бас серіктесі «Қазақтелеком» АҚ болды.

Counter-Strike 2, Mobile Legends: Bang Bang, PUBG Mobile және Clash Royale атты төрт ойын түрінен өткен жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстаннан келген 765 киберспортшы қатысты. Турнирдің жалпы жүлде қоры 5 000 000 теңге.

Турнир жеңімпаздары:

– Counter-Strike 2 – OMEGA

– Mobile Legends: Bang Bang – HOG RIDER

– PUBG Mobile – FREE MIGRANTS

– Clash Royale – Мирас Құсайынов (MIKO)

Іс-шара алаңында «Қазақтелекомның» брендтік аймағы ұйымдастырылып, жасанды интеллект негізіндегі бейнемониторинг жүйелері мен кәсіпкерлерге арналған бейнебақылау камералары таныстырылды. Финалдың құрметті қонақтары қатарында доданы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Қуанышбек Есекеев пен Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов тамашалады.

Іс-шараға «Қазақтелеком» АҚ атынан Корпоративтік бизнес дивизионының бас директоры Асқар Қайыров қатысты.

«Қазақтелеком дәстүрлі телеком-оператордан цифрлық өнімдер компаниясына қарай жүйелі түрде дамып келеді. Киберспорт – цифрлық технологиялар мен жастар аудиториясы табиғи түрде тоғысатын орта. Сонымен қатар, турнир барысында деректерді үздіксіз тасымалдауды және желілік инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз еткен инженерлеріміздің еңбегін ерекше атап өткім келеді. AIEC 2026 турниріне қатысуымыз – еліміздің цифрлық экожүйесіне салынған инвестиция», – деді Асқар Қайыров.

Турнирді Qazaq Cybersport Federation Ақмола облысының Цифрландыру және мұрағат басқармасымен бірлесіп, Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қазақтелеком #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық мұраны ұлықтаған этнофотокөрме

Бүгін 20:50

Қазақ мемлекеттік циркінде Республика күніне орай қайырымдылық концерті өтеді

Бүгін 18:04

Алматыдағы конференцияда Қазақстан тәуелсіздігінің тарихи бастауы талқыланды

Бүгін 17:01

Мемлекет басшысы Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады

Бүгін 17:00

Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады

Бүгін 16:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);