Алматыда 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновтың ісі Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.
Сот отырысы барысында прокурор Игорь Дужновты өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Еске салайық, былтыр 20 қыркүйек күні Алматыда жеке үйлердің біріне келген сот орындаушыға, учаскелік полиция инспекторларына үй иесі — 1967 жылы туған азамат оқ атты.
Қызмет барысында бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, көз жұмды. Қаза тапқан полицейлердің бірінің артында 5, екіншісінде 2 бала қалды. Кейінірек Жеке сот орындаушыларының палатасы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«Банк ЦентрКредит» АҚ іс бойынша қажетті барлық құжат ұсынылатынын және зардап шеккендердің туыстарына жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді.